Дорогие земляки! Ассамблея народа Казахстана от всего сердца поздравляет вас с Наурыз мейрамы! Қымбатты отандастар! Қазақстан халқы Ассамблеясы Сіздерді жылдың басы – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтайды!

Наурыз – один из самых любимых всенародных праздников, символизирующий торжество жизни, приход весны, возрождение и обновление природы. По преданию Наурыз – это день, когда на землю после долгой зимы возвращается солнце, приходит добро и свет, начинают петь птицы и журчать ручьи, степь покрывается сочной зеленой травой и воцаряется благоденствие. Вместе с теплом и надеждами приходит духовное очищение, прощаются обиды, приносятся пожелания счастья. Этот яркий праздник гармонично вошел в современную жизнь, олицетворяя преемственность наших общих обычаев и традиций.

Оберегая наши главные сокровища – гармонию, мир, согласие и единство народа Казахстана, в этот день мы особенно глубоко осознаем себя единой дружной семьей под прочным шаныраком доброты и милосердия. Поэтому Наурыз одинаково дорог каждому, его глубокий и истинный смысл всем близок и понятен. Преумножая свои ценности и оберегая нравственные устои, мы уверенно движемся вперед, укрепляем независимость страны, наше общественное согласие, во благо достижения единой цели – «Мәңгілік Ел».

Уважаемые соотечественники! В день Наурыз мейрамы примите самые искренние пожелания – веры в собственные силы, крепкого здоровья, семейного благополучия и успехов. Пусть процветает наш общий дом, наша Родина – Республика Казахстан!

Наурыз барша жұрт асыға күтетін жалпыхалықтық мереке, елдік дәстүр. Халқымыз үшін бұл күн қашанда ырыс пен ынтымақтың, татулықтың, жаңарудың мерекесі. Ұлыстың ұлы күні елдің бірлігі бекіп, елдік мұраттар сабақталады. Ағайын өткеннен қалған өкпе-назын ұмытып, төс қағысып сәлемдесіп, бір дастарханнан дәм татады. Бұл күні табиғат ұйқысынан оянып, күн сәулесі шуағын шашады, құстар ән салып, дала жасыл желекке оранады. Әз Наурыз келгенде жер дүние жаңарып, табиғат түлеп, төрт түлік төлдеп, дастарқан аққа толады, елдің мерейі үстем болып, жер үстінде шаттық тойы, береке тойы басталады.

Халқымыздың сүйікті мерекесі бүгінгі өмірімізге еніп, ата салтымыздың жаңғыруының, дәстүрлер сабақтастығының жарқын белгісіне айналды. Өткенімізден қуат алып, келешегімізге шуақ шашатын Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің біздің басты қазыналарымыз – елдік жарасым мен қоғамдық келісімді, Қазақстан халқының бірлігін нығайтуда маңызы ерекше. Осындай құндылықтарымызды сақтай отырып, біз ұлы мұратымыз «Мәңгілік Ел» болу жолында еліміздің Тәуелсіздігін нығайтып, бірлігін бекем ұстаймыз.

Құрметті отандастар! Наурыз, ынты-мағы жарасқан елімізді молшылыққа, ал әр шаңырақты – бақыт пен шаттыққа толтырсын деп тілейміз. Әрбір адамға бақ-береке тілейміз!

Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!

Наурыз мейрамы құтты болсын!

 

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia