Менің ата-анамның екеуі де неміс этносының өкілдері. Үйдегілердің айтуынан, сондай-ақ мұрағаттық құжаттар арқылы ата-бабамның Қазақстанға қалай тап болғанын білдім. Олар Ақмола облысында ақтық демдері таусылғанша өмір сүрді. Ал мен қазіргі Астана қаласында дүниеге келдім.
Бала кезімнен-ақ мен қазақ тілін үйренуге талпындым (оның дыбыстарының логикасы мен айқындылығы, әрине мені бей-жай қалдыра алмады). Алғашқы сабақтардың бірінде мұғалім бізге «ә» әрпін айтуды үйретіп, дұрыс айтқанымыз үшін кәмпит бергені есімде. Сосын жолда келе жатқанымда «әже, әрине» т. б. жаңа сөздерді бірнеше рет қайталап, үйге көтеріңкі көңіл-күйде оралғаным бар-ды. Өз айналамыздағы ересектер жағы мені «неміс қазағы» деп еркелететін.
Оқу жылы басталғаннан-ақ өз басым бір орында байыз тауып отыра алмайтынмын. Қайткен күнде өнерімді көрсетіп, кештерді жүргізуді жаным қалап, жігерлене жаңалыққа талпынатынмын… 2022 жылы осындай іс-шаралардың бірінде жұрттың көзіне түсіп, Ассамблея жастарына тап болдым. Сол кезде танысқан қазақ тілі мұғалімі Юлия Лагуткина менің өмірімді түбегейлі өзгертті.
Қазақстан халқы Ассамблеясындағы қоғамдық жұмыстардан басқа мен сабағыма көп уақыт бөле отыра, жастар арасындағы ағартушылықтың маңыздылығын түсіндім. Он алты жасымда мені «Азаттық рухы» арнасындағы қазақ тілінде өтетін сұхбатқа шақырды. Сол кезде көпшілікке білім және тілді оқып-үйрену жайлы ой бөлісе алатыныма шаттандым. «Шаңырақ» және «Азаттық рухы» атты екі ауқымды телебағдарлама «Отанымызда рухани құндылықтар қалыптасады» тақырыбын үндестірді деп ойлаймын.
Жыл сайын қызғылықты жаңа жобалардың болатыны жанымды жадыратады. Осы жазда балаларға қазақ тілі негіздерін үйретуге бел шештім. Балалар болса мені қуана «апай» деп атады, мен оларға түстер мен сандарды аудардым.
Қыркүйек айында Мұғалімдер күніне орай әр сыныпқа тыңғылықты дайындала отыра, өз мектебімде қазақ тілі сабақтарын өткіздім. Сабақта біз көптеген плакаттар мен карточкалар жасадық, балаларды сабақтың ойын форматы қатты қызықтырып, белсенділікпен атсалысты. Шәкірттерге сабақ ұнағандықтан, ыстық ықыластарын жаудырды.
18 жасымда мектеп екінші үйіме айналғанын ұғындым. Мұғалімдер мен үшін үлгі болып табылады. Ұстаздардың қолдауы маған күш-жігер беріп, әлемді нұрландыруға жетелейді. «Құрметте ұстазыңды ұлы адамдай», – дейді қазақта.
Жақында Ассамблеяның 30 жылдығына орай этносаралық келісім мен бірлік тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Мен онда Қазақстан, Өзбекстан және Ресей профессорларының сөздеріне құлақ түрдім. Олардың көпшілігі неміс, орыс және өзбек бола тұра, қазақ тілін еркін меңгерген. Бұл мәдениеттер арасында қандай көпір болу керектігін және неге ұмтылу қажет екенін көрсетеді.
Атам мені әлі күнге «Неміс қазағы», – деп еркелетеді. Мен жастардың мүмкіндігінше өз қарым-қабілеттерін дамытып, қоршаған ортаны зерделеуге ұмтылғанын қалаймын. Қызметі халықаралық қатынастар саласымен байланысты мамандар қай кезде де ерік-жігерімен әрі білімге деген талпынысымен ерекшеленеді. Қашанда жүректегі жалынды лапылдатып, жаңа белестерді бағындыруға ұмтылудың маңызы зор.
Школа стала для меня вторым домом, а учителя примером. Их поддержка дает мне силы и желание нести свет миру.
Оба моих родителя – немцы. Через истории, услышанные в кругу семьи, а потом и архивные документы я узнала о том, как мои прадедушки с их семьями оказались в Казахстане. В Акмолинской области они прожили всю оставшуюся жизнь. Здесь, уже в Астане, родилась и я.
С самого раннего детства меня тянуло к изучению казахского языка (его логичность и четкость звуков, конечно, не могли оставить меня равнодушной!) Я помню, как воспитательница учила нас произносить букву «Ә», а за каждую удачную попытку давала нам конфеты. Тогда я радостная бежала домой, повторяя на ходу новые слова – әже, әрине… «Немецкая казашка» – так меня ласково называли взрослые в нашем кругу.
Со школьных лет мне никогда не сидится на месте – хочется выступать, быть ведущей, изучать новое… Я всегда была энергичной и активной.
В 2022 году, оказавшись на одном из мероприятий Ассамблеи народа Казахстана, попала в её молодёжное крыло, а знакомство там с Юлией Лагуткиной, педагогом по казахскому языку, перевернуло мою жизнь.
Помимо общественной работы в АНК много времени я уделяла нашим занятиям – так я поняла важность просвещения среди молодежи. В 16 лет меня заметили и пригласили на интервью на казахском языке на канале «Азаттық рухы».
Я радовалась тому, что могу на большую аудиторию поделиться мыслями на тему образования и моего пути в изучении казахского языка. Думаю, что два больших выпуска на телевидении, «Шанырак» и «Азаттық рухы», объединила одна тема: духовные ценности формируются на родине, в Казахстане.
Я рада тому, что каждый год в мою жизнь приходят новые интересные проекты. Этим летом я попробовала работать с детьми, преподавала им азы казахского языка. Малыши с радостью называли меня «апай», а я переводила им цвета и числа.
В сентябре, на День учителя, я вела уроки казахского языка в своей школе, тщательно подготовившись для каждого класса по своей теме. После себя мы оставили много плакатов и карточек, а ребятам, к счастью, очень понравился игровой формат урока, где каждый активно проявил себя.
В 18 лет я осознала, что школа стала вторым домом. Учителя для меня – пример, а их поддержка дает мне силы и желание нести свет миру. «Уважай учителя, как отца своего», – гласит казахская пословица.
Недавно к 30-летию Ассамблеи народа Казахстана прошел круглый стол на тему межэтнического согласия и единства. Я приняла в нем участие, слушая выступления профессоров из Казахстана, Узбекистана и России. Многие из них, будучи немцами, русскими и узбеками, прекрасно владеют казахским языком. Это показывает то, каким мостом между культурами нужно быть. К чему стремиться…
Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia