Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде ішкі саясат басқармасы мен білім басқармасы және М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы бірлесіп, ұйымдастырған этнолингвистикалық мектеп басшыларымен әдістемелік семинар өтті.

«Қазіргі кезеңде «Жаңа Қазақстан» идеясын жүзеге асыру жауапкершілігі азаматтық қоғам институттарына және еліміздің барлық тұрғындарына тиесілі екені айқын. Бүгін қалай әрекет ететініміз ертең қай қоғамда өмір сүретінімізге байланысты. Көпэтносты, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу – сіз бен біздің міндетіміз. Бұл педагогтарға ерекше жауапкершілік жүктейді», — деп атап өтті ҚХА Хатшылығының-этносаралық қатынастар мәселелері жөніндегі бөлімнің қызметкері Г.Н. Тайгокова.

Қазіргі уақытта елордада 10 ЭЛМ жұмыс істейді, онда 460 оқушы шұғылданады. М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының штатында 30 педагог тұрады, оның ішінде жоғары білімді – 26, орта-арнайы – 4 педагог. 2021 жылы қайта даярлау курстарынан 8 адам өтті.

ЭЛМ педагогтары өздерінің кәсіби біліктілік деңгейін арттыру бойынша үнемі жұмыс істейді. Қазіргі уақытта педагогтердің сапалық құрамы келесідей үлгіде ұсынылған: жоғары білімді – 1, бірінші санатты – 1, екінші санатты – 4, педагог-шебер – 2, педагог-зерттеуші – 5, медагог-модератор – 3, санатсыз – 14. «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы
13 шілдедегі № 338 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдары педагог кадрларды аттестаттауды өткізді.

Семинар барысында М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары З.Х. Хазимуллина педагогтарды аттестаттауға қойылатын міндеттер мен талаптар туралы сөз сөйледі. Оқушылардың электрондық тіркелуін ұйымдастыру туралы «Mindal» электрондық веб-порталымен жұмыс жөніндегі үйлестіруші Г.А. Бектасова айтып берді. Қазақ мәдениетінің призмасы арқылы дәстүрлі фольклорды кешенді игеру туралы «Лазорь» казак ЭЛМ директоры Н.В. Хуснудинова сөз сөйледі. Семинарда педагогтарға әдістемелік көмек көрсету, этнопедагогикалық білім беруді жетілдіру, сабақ сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Семинар жұмысына елордалық этнолингвистикалық мектептердің директорлары мен оқытушылары, білім басқармасының, М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының өкілдері қатысты.

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia