Алғыс айту күнін мерекелеу қарсаңында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің алаңында«Көптүрліліктегі бірлік: халықаралық тәжірибе» тақырыбындағы семинар өтті.

Іс-шара Алматы қаласының республикалық Достық үйінің жанынан құрылған «Алматы семинары» клубының қызметі шеңберінде өткізіледі. «Алматы семинары» клубының мақсаты – қоғамдық және мемлекеттік қызметтің түрлі салаларының өкілдерін, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымды, БАҚ-ты, саясаттанушыларды, әлеуметтанушыларды, сарапшыларды, сондай-ақ халықаралық қонақтарды тарта отырып, сараптамалық талқылау және болашақтың оңтайлы модельдерінің шешімдерін іздеу, Қазақстан Президенті Қ.Қ.Тоқаев ұсынған саясаттың негізгі аспектілерін іске асыру, сондай-ақ, жалпыұлттық келісім мен этносаралық қатынастар мәселелерін шешудегі тәсілдерді қарау болып табылады.

Семинар аясында қазақстандықтар үшін Алғыс айту күнінің тарихи маңыздылығы туралы, Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясат жүйесіндегі рөлі, ҚХА құрылымдарының атқаратын жұмыстары туралы айтылды және күн тәртібі бойынша халықаралық тәжірибе қаралды. Сондай-ақ, спикерлер мен қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық сипаттағы әлеуметтік-маңызды мәселелерді шешуде түрлі салалардағы, оның ішінде қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен тиімді ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылын арттыруға бағытталған тәжірибелерімен және ұсыныстарымен бөлісті.

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia