Тараз қаласында «Қоғамдық Келісім» КММ және Жамбыл облысы немістер қоғамы бірлесіп Әулие-Ата ауданының басшысына В.А. Каллаур-ға арналған «Виртуалды мұражай» клуб отырысын өткізді.

Шараға неміс қоғамдастығының белсенділері, облыстық этномәдени бірлестіктердің, «Обелиск» тарихи-өлкетану орталығының өкілдері, тарихшылар жиналды. Модератор Жамбыл облысы немістер қоғамының президенті Александр Гибнер болды.

Қатысушылар шығыстанушы, археология әуесқойы және Орталық Азия зерттеушісінің өмірбаянымен танысты. Қызықты өмірбаяндық фильм тамашаланды.

Жиналғандар Әулие-Ата ауданының басшысы Василий Каллаурдың өңіріміздің дамуына, археологиясы мен тарихына қосқан үлесі туралы білді. В.А. Каллаур 1838 жылы Минскіде, Балтық немістерінің отбасында дүниеге келген. Петербург әскери училищесін бітіргеннен кейін одан әрі қызмет ету үшін Түркістанға келеді. 19 ғасырдың 90-жылдары Әулие-Ата ауданына басшы болып, оны абаттандыруға көп уақыт пен күш жұмсады. Жылдар бойы мінсіз қызметі үшін түрлі марапаттар мен ордендермен марапатталған.

Әулие-Ата ауданында қызмет ете бастаған күннен бастап В. Каллаур жергілікті археологиялық ескерткіштерге қызығушылық танытты, бірақ оларды Түркістан археология әуесқойларының үйірмесіне қосылғаннан кейін мақсатты түрде зерттей бастады. Ол сәулет өнерінің ортағасырлық ескерткіштерін егжей-тегжейлі сипаттады —
Айша бибі, Қарахан және Дәуітбек кесенелері «Қарахан шежіресін» құрастырды, сонымен қатар Дәуітбек кесенесінің арабша жазуын аударды.

В. Каллаурдың өлкетану қызметінің тағы бір саласы тасқа қашалған көне жазуларды зерттеу болды. Жазулар көне түркі жазбаларымен бірдей деген болжамды алғаш жасаған ол. В. Каллаур аудан аумағындағы көне балбалдарды зерттеуге де қызығушылық танытып, ежелгі Ақыртас қонысының сипаттамасын жасағандардың бірі болды. Василий Андреевич Талас алқабын мекендеген немістердің тарихы мен мәдениетін назардан тыс қалдырған емес. 1907 жылы «Центральная Азия жизнь» журналында «Талас өзеніндегі неміс мәдениеті» атты мақалалар топтамасы жарияланды. Шара еркін форматта өткен пікірталаспен аяқталды.

Қазақша аудармасын дайындаған: Руслан Мүсіреп


Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia