Под председательством акима г. Алматы Дархана Сатыбалды в республиканском Доме дружбы прошла XXVII сессия городской Ассамблеи народа Казахстана. Задачи, поставленные Главой государства, а также основные направления деятельности АНК обсудили руководители этнокультурных объединений, активисты «Ассамблея жастары» и члены Клуба этножурналистов.
Открывая заседание, Дархан Сатыбалды отметил значимую роль Ассамблеи в укреплении единства и общественного согласия, а также вклад представителей разных этносов в становление и развитие нашего мегаполиса.
— Ключевыми задачами, стоящими перед Ассамблеей на современном этапе, остаются укрепление мира и единства. Следует отметить, что Алматы, как крупнейший город страны, исторически играющий роль центра этнокультурного взаимодействия, несёт особую ответственность за реализацию этих задач. Его этническое многообразие, высокий уровень культурного и образовательного потенциала создают прочную основу для дальнейшего развития модели общенационального единства.
Важно, чтобы каждый житель Алматы чувствовал себя полноправной частью единого казахстанского народа, гордился своей страной и активно участвовал в её развитии», – сказал аким Дархан Сатыбалды.
Член научно-экспертной группы АНК г. Алматы Мендыганым Шаймерденова поделилась своим видением, как культура, искусство и образование влияют на формирование казахстанской идентичности.
— В условиях полиэтничного Казахстана государственная и этноязыковая идентичность связаны с социальной стабильностью, и поэтому мы строим модель государства, основанную на уважении к культурному многообразию. При этом культура, искусство и образование становятся инструментами единения и взаимопонимания, — заключила Мендыганым Шаймерденова.
Целый спектр молодёжных проектов «Ассамблея жастары» – от обучения и трудоустройства до творческих сообществ и языковых клубов – представил Рустам Кайрыев, председатель Союза уйгурской молодёжи Казахстана.
По его словам, в Алматы созданы все условия для развития молодого поколения, для креативных сообществ открываются новые площадки, такие как комьюнити-центры; ведутся занятия по вокалу, ораторскому искусству, изучению казахского и английского языков, в том числе в партнёрстве с городским Африканским центром.
Отдельное внимание уделяется вопросам экологии. В Алматы реализуются акции «Таза Қазақстан», «Рахмет жер ана», «Сдай батарейку — сохрани здоровье Земли» и другие инициативы, объединяющие молодёжь вокруг идеи устойчивого развития.
Не остались без внимания и вопросы информационной безопасности и развития Клуба этножурналистов. На последней сессии Ассамблеи народа Казахстана в апреле текущего года Глава государства Касым-Жомарт Токаев особо отметил роль информационного пространства республики и поставил задачу шире продвигать идеи единства и согласия в СМИ: «Эта первоочередная задача всех структур Ассамблеи, особенно клубов журналистов, нужно включить в их состав представителей ведущих СМИ, обеспечить единый алгоритм их работы. Нужно оказать системную поддержку средствам массовой информации, выпускающимся на языках казахстанских этносов, в первую очередь, в регионах», — подчеркнул Президент.
В этой связи, как проинформировала Олеся Клименко, главный редактор немецкой газеты Deutsche Allgemeine Zeitung, этническими СМИ было увеличено количество рубрик, где представлены уникальные материалы о культуре, жизни и традициях этносов Казахстана. Это не только способствует лучшему восприятию духовных ценностей друг друга, но и помогает лучше понять и осознать девиз «Один народ, одна страна, одна судьба».
В свою очередь, Анастасия Нугуманова, член Ассамблеи народа Казахстана, представила инициативы АНК по продвижению государственного языка. Сама Анастасия преподаёт казахский язык в разговорном клубе «Сөйле», а также в онлайн-формате по авторской методике «оңай қазақша». Педагог уверена — учить казахский язык сегодня можно легко и даже с интересом.
В целом в рамках сессии состоялся обстоятельный обмен мнениями. В завершение председатель Ассамблеи народа Казахстана города Алматы Дархан Сатыбалды выразил уверенность в том, что в городе и дальше будет проводиться совместная эффективная работа по укреплению общественного согласия и общенационального единства.
Алматыда ҚХА XXVII сессиясы өтті
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы өтті. Бас қосуда этномәдени бірлестіктердің басшылары, «Жастар ассамблеясы» белсенділері және Этножурналистер клубының мүшелері Мемлекет басшысы қойған міндеттерді, сондай-ақ ҚХА қызметінің негізгі бағыттарын талқылады.
Жиынды ашқан Дархан Сатыбалды Ассамблеяның бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтудағы маңызды рөлін, сондай-ақ түрлі этнос өкілдерінің біздің мегаполистің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін атап өтті.
— Қазіргі кезеңде Ассамблеяның алдында тұрған негізгі міндеттер бейбітшілік пен бірлікті нығайту болып қала береді. Тарихи тұрғыдан этномәдени өзара іс-қимыл орталығы рөлін атқаратын еліміздің ірі қаласы ретінде Алматы осы міндеттерді іске асыру үшін ерекше жауапкершілікте екенін атап өткен жөн. Оның этникалық әралуандылығы, мәдени және білім беру әлеуетінің жоғары деңгейі жалпыұлттық бірлік моделін одан әрі дамыту үшін берік негіз құрады. Алматының әрбір тұрғыны өзін біртұтас Қазақстан халқының толыққанды мүшесі ретінде сезініп, өз елін мақтан тұтуы және оның дамуына белсене атсалысуы маңызды, – деді әкім Дархан Сатыбалды.
Алматы қ. ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Меңдіғаным Шаймерденова мәдениет, өнер және білім беру қазақстандық бірегейлікті қалыптастыруға қалай әсер ететіні туралы өз пікірімен бөлісті.
— Көпэтносты Қазақстан жағдайында мемлекеттік және этнотілді бірегейлік әлеуметтік тұрақтылықпен байланысты, сондықтан біз мәдени әралуандықты құрметтеуге негізделген мемлекет моделін құрып жатырмыз. Бұл ретте мәдениет, өнер және білім беру бірліктің және өзара түсіністіктің құралына айналады, – деп қортындылады өз сөзін Меңдіғаным Шаймерденова.
Қазақстанның ұйғыр жастары одағының төрағасы Рустам Қайырыев «Жастар Ассамблеясы» жастар жобаларының тұтас спектрі – оқыту мен жұмысқа орналасудан бастап шығармашылық қоғамдастықтар мен тілдік клубтарға дейін таныстырды.
Оның айтуынша, Алматыда жас ұрпақты дамыту үшін барлық жағдай жасалған, креативті қауымдастықтар үшін комьюнити-орталықтар сияқты жаңа алаңдар ашылуда; вокал, шешендік өнер, қазақ және ағылшын тілдерін оқыту, соның ішінде қалалық Африка орталығымен серіктестікте сабақтар жүргізілуде.
Оған қоса, экология мәселелеріне ерекше назар аударылады. Алматыда «Таза Қазақстан», «Рахмет, Жер-Ана», «Батареяны тапсыр — жердің тазалығын сақта» акциялары және жастарды тұрақты даму идеясы төңірегінде біріктіретін басқа да бастамалар іске асырылуда.
Ақпараттық қауіпсіздік және этножурналистер клубын дамыту мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. Қазақстан халқы Ассамблеясының ағымдағы жылғы сәуірдегі соңғы сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республиканың ақпараттық кеңістігінің рөлін ерекше атап өтіп, БАҚ-та бірлік пен келісім идеяларын кеңінен ілгерілету міндетін қойды. «Ассамблеяның барлық құрылымдарының, әсіресе журналистер клубтарының бұл бірінші кезектегі міндеті олардың құрамына жетекші БАҚ өкілдерін қосу, олардың жұмысының бірыңғай алгоритмін қамтамасыз ету қажет. Қазақстандық этностардың тілдерінде шығарылатын бұқаралық ақпарат құралдарына бірінші кезекте өңірлерде жүйелі қолдау көрсету қажет», – деп атап өтті Президент.
Осыған байланысты, Deutsche Allgemeine Zeitung неміс газетінің бас редакторы Олеся Клименко хабарлағандай, этникалық БАҚ-та Қазақстан этностарының мәдениеті, өмірі мен дәстүрлері туралы бірегей материалдар ұсынылған айдарлар саны көбейді. Бұл бір-бірінің рухани құндылықтарын жақсы түсінуге септігін тигізіп қана қоймай, «Бір халық, бір ел, бір тағдыр» ұранын жақсы түсінуге көмектеседі.
Өз кезегінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Анастасия Нұғыманова ҚХА-ның мемлекеттік тілді ілгерілету жөніндегі бастамаларын ұсынды. Анастасия өзі қазақ тілін «Сөйле» сөйлесу клубында, сондай-ақ «Оңай қазақша» авторлық әдістемесі бойынша онлайн форматта оқытады. Ұстаз бүгінгі таңда қазақ тілін үйрену оңай әрі қызығушылықпен жүргізілетініне сенімді.
Жалпы, сессия аясында жан-жақты пікір алмасылды. Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Дархан Сатыбалды жиынды қорытындылай келе, қалада қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға қатысты бірлескен тиімді жұмыс жалғасатынына сенім білдірді.
DAZ
Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia