Ғылым, білім және зерттеулер саласындағы сыртқы саясат комиссары Вито Чесере мен Германияның Қазақстандағы Елшілігінің бірінші хатшысы Мехтхильд Сассе Халықаралық бағдарламалар орталығының кеңсесінде болды. Келіссөздер барысында «Болашақ» бағдарламасы бойынша кадрлар даярлауға арналған жоғары оқу орындарының тізімін кеңейтуге, сондай-ақ отандық ғалымдардың ғылыми тағылымдамадан өтуіне арналған ғылыми орталықтардың тізімін кеңейтуге қатысты
бірқатар мәселелер талқыланды.

«Германияда жоғары білім алу тегін. Бағдарлама стипендиаттардың тұруына, тамақтануына және жол жүруіне байланысты шығындарды ғана қамтиды. Бұл бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдейді. Сондықтан біз үшін жоғары оқу орында-
рының географиясын кеңейту маңызды. Биылғы жылы «Болашақ» халықаралық бағ-
дарламасы бойынша оқуға ұсынылған университеттер тізіміне Германияның 17 жетекші университеті енді», – деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төра-
ғасы Олжас Сәкенов.

Екі тарап өткізілген келіссөздер жоғары білім саласындағы өзара тиімді серіктестікті нығайтуға және одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өтті.

Уполномоченный по вопросам внешней политики в сфере науки, образования и исследований Вито Чечере и первый секретарь посольства ФРГ в РК Мехтхильд Зассе посетили офис Центра международных программ. В ходе переговоров был обсужден ряд вопросов, касающихся расширения списка вузов для обучения по программе «Болашак», а также перечня исследовательских центров для научных стажировок отечественных ученых.

«Высшее образование в Германии бесплатное. Программа покрывает только расходы, связанные с проживанием, питанием и перелетом стипендиатов. Это существенно экономит бюджетные средства. Поэтому нам важно расширять географию вузов. В этом году в список высших учебных заведений, рекомендованных по международной программе «Болашак», входят 17 ведущих немецких вузов», – отметил председатель правления АО «Центр международных программ» Олжас Сакенов.

Обе стороны отметили, что переговоры будут способствовать укреплению и дальнейшему развитию взаимовыгодных партнерских отношений в сфере высшего образования.

Қазақша аудармасын дайындаған Руслан Мүсіреп.


Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia