ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2023 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын шектеу жөніндегі жұмыстың қорытындысы шығарылды.

Жалпы жылдық инфляция 9,8% жағдайында азық-түлік көрсеткіші бірінші рет азық-түлікке жатпайтын көрсеткіштен төмен болды. Төмендеудің негізгі қозғаушы күші әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы болды.

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың атап өткеніндей, 2024 жылы инфляция деңгейін ұстап тұру мақсатында департамент индикативті бөлшек сауда құнын есептеді: «Аймақтар мен тауарлар бойынша НВТҚ-ға индикативті бағалардың жобасы белгіленген көрсеткіштер негізінде есептеледі. 2024 жылға арналған мақсатты инфляция деңгейі 6-8%. Ұсынылатын көрсеткіштер ағымдағы нарықтық конъюнктураны, маусымдық факторларды және болжамды үрдістерді ескереді. Делдалдық схемаларды тексеру бойынша өңірлік комиссиялардың жұмысы да жалғасады».

Тұрақтандыру қорларындағы ұн мен нан бағасын, көкөніс қорын тұрақтандыруға қатысты жағдайды Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков айтты: «Қазіргі уақытта әкімдіктердің мәліметі бойынша ӘКК-да 25,7 мың тонна ұн қоры бар, оның ішінде тұрақтандыруды қоса алғанда, қаражат – 14,1 мың тонна, айналым схемасы шеңберінде – 11,5 мың тонна. Әкімдіктер мен Азық-түлік корпорациясының меморандумдары аясында өңірлерді жеңілдікті бидаймен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларына бекітілген бидай көлемі 64,5 мың тоннаны құрайды, қазірдің өзінде 60,8 мың тонна бидай жөнелтілді». Оның айтуынша, көкөністің жинақталған қоры ақпан-сәуір аралығында нарыққа реттеуші әсер ету үшін жеткілікті.

Вице-министр әкімдіктерге мамыр-шілде айлары аралығында көкөніс бағасының өсуіне жол бермеу үшін ерте өнім жеткізу бойынша форвардтық шарттарды тез арада жасау қажеттігін еске салды.

Отырысты қорытындылаған С. Жұманғарин өткен жылы қазақстандықтардың инфляциялық күтулері жоғары болғанын, 2022-2023 жылдардағы инфляцияға дәл осындай үрдістер әсер еткенін атап өтті. Өңірлердің жақсы үйлестірілген жұмысының арқасында ЖҚТҚ бағасының өсуін тежеу мүмкін болды. Тіпті Жаңа жылға дейін қазақстандықтар бағаның күшті өсуін байқамады, ал халық үшін инфляцияның негізгі белгілері әрқашан азық-түлік тауарлары болды.

Қазақша аудармасын дайындаған: Руслан Мүсіреп.

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia