Бүгін әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің „Stranger“ әлемдік турнесі аясында Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің қолдауымен әншінің халықаралық фан-клубының әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлерімен кездесуі ұйымдастырылды. Бұл шара Қазақстанның құнды мәдени мұрасымен танысу арқылы елді танытуға бағытталды.
Іс-шараның ашылуында Қазақстанда биыл іске қосылған „Kazakhstan: Born Bold“ жаңа медиа-кампаниясы туралы ақпарат ұсынылып, тиісті бейнеролик көрсетілді.
Кездесу барысында Димаштың шығармашылығын сүйсініп тыңдайтын шетелдік жанкүйерлер Қазақстанның мәдениетімен, табиғатымен, дәстүрлерімен және көрікті жерлерімен танысу мүмкіндігіне ие болды.
Іс-шара бағдарламасы қазақстандық жас әртістердің музыкалық және би өнерлерін, сондай-ақ еліміздің туристік әлеуетін таныстыруды қамтыды.
Димаш Құдайбер-геннің Дюссельдорфтағы концерті үлкен аншлагпен өтіп, оның шығармашылығына деген жоғары қызығушылықты тағы да дәлелдеді.
Бұл кеш өнердің, мәдениеттің және халықаралық бірліктің нағыз мерекесіне айналып, Қазақстанды бай мәдени мұрасы мен әлемдік деңгейдегі таланты бар ел ретінде танытатын жағымды имиджін нығайта түсті.
Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia