В Алматы состоялся городской турнир по киокушин-каратэ “Mawashi Open”, собравший сильнейших юных спортсменов со всего города. Одним из главных героев соревнований стал Армель Разиев, уверенно завоевавший первое место в своей категории.

Армель выступал в возрастной группе 12–13 лет в весовой категории до 60 кг. На протяжении всего турнира он демонстрировал высокий уровень подготовки, отличную технику и бойцовский дух, присущий киокушин-каратэ. Каждый поединок проходил в напряжённой борьбе, однако Армель сумел показать характер, выдержку и волю к победе, не оставив шансов соперникам.

Турнир “Mawashi Open” по киокушин-каратэ традиционно считается важной площадкой для выявления перспективных спортсменов. Победа на таких соревнованиях — серьёзное достижение, которое говорит не только о таланте, но и о большой проделанной работе.

Тренеры и близкие отмечают трудолюбие Армеля, его дисциплину и стремление постоянно совершенствоваться. Эта победа стала заслуженной наградой за упорные тренировки и целеустремлённость.

Поздравляем Армеля Разиева с ярким успехом и желаем ему дальнейших побед, новых достижений и спортивного роста!

Материал подготовила Олеся Клименко

Алматының жас чемпионы: Армель Разиев – киокушин-каратэ бойынша “Mawashi Open” турнирінің жеңімпазы

Алматыда киокушин-каратэ бойынша “Mawashi Open” қалалық турнирі өтті. Бұл жарысқа қаланың түкпір-түкпірінен ең мықты жас спортшылар жиналды. Сайыстың басты қаһармандарының бірі – өз санатында сенімді түрде бірінші орынды иеленген Армель Разиев болды.

Армель 12–13 жас аралығындағы спортшылар арасында, 60 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Турнир бойы ол жоғары дайындық деңгейін, тамаша техникасын және киокушин-каратэге тән жауынгерлік рухын көрсетті. Әрбір жекпе-жек тартысты өтті, алайда Армель мінезін, төзімділігін және жеңіске деген жігерін танытып, қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмады.

Киокушин-каратэ бойынша “Mawashi Open” турнирі дәстүрлі түрде болашағы зор спортшыларды анықтайтын маңызды алаң болып саналады. Мұндай жарыста жеңіске жету – тек таланттың ғана емес, сонымен қатар үлкен еңбектің нәтижесі.
Жаттықтырушылары мен жақындары Армельдің еңбекқорлығын, тәртіптілігін және үнемі дамуға деген ұмтылысын ерекше атап өтеді. Бұл жеңіс – оның тынымсыз жаттығулары мен мақсаткерлігінің лайықты жемісі.

Армель Разиевті жарқын жеңісімен құттықтаймыз және оған алдағы уақытта жаңа жетістіктер, үлкен жеңістер және спорттық өсім тілейміз!

Аударманы дайындаған: Руслан Мүсіреп


Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь