Қазақстан Республикасының Берлиндегі Елшілігі белгілі неміс аудармашысы, баспагері, әдебиетшісі, Қазақстанның және қазақ әдебиетінің көптен бері досы Леонард Кошуттың 100-жылдығына орай еске алу іс-шарасына қатысты.

Іс-шара барысында Л. Қошуттың қазіргі қазақ-неміс әдеби байланыстарын дамытуға қосқан елеулі үлесі атап өтілді. Оның еңбегінің арқасында неміс оқырманы ұлы Абайдың «Қара сөздері» философиялық ойларының поэтикалық аудармаларымен және «Жиырма өлең» жинағымен, М. Әуезов-тің «Абай жолы» романымен, О. Сүлейменовтің «Көшпенділердің азимуттарында» атты жеке басылымымен және басқа да әдеби шығармаларымен таныса алды.

ҚР ГФР-дағы Елшілігінің бастамасы бойынша «Қазақстан кітапханасы» жобасының жүзеге асыруына Л. Кошут айтарлықтай ықпал етті. Жоба шеңберінде қазақстандық әйгілі 26 роман мен поэмалар неміс тіліне аударылып, басып шығарылды. 2006 жылы бұл жобадағы алғашқы қазақ авторы Ә. Нұрпейісов болып, оның «Соңғы парыз» атты романы туралы Л.Кошут былай деп жазды: «Егер қоғамымыз Батысқа қадалып қалмағанда, роман неміс тіліне қолжазбадан аударылып, әлем әдебиетінің тамаша туындысы ретінде танылар еді». Сол жылы «Қазақстан кітапханасы» жобасы аясында Ә. Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы қайта басылды.

2007 жылы Кёльнде „Önel“ баспасы Л. Кошуттың аудармасында Абайдың өлеңдері енгізілген „Abai. Zwanzig Gedichte“ кітабын шығарды. Бұл кітап қазақ, неміс және орыс тілдерінде жарық көріп, Л. Кошуттың «Менің Абайға жолым және оның өлеңдерін аудару мәселелері» атты мақаласы кірді, сондай-ақ автор Абай өлеңдерін неміс тіліне аудару процесі туралы баяндады. „Abai. Zwanzig Gedichte“ кітабы 2018 жылы қайта шығарылды.

Бүгінгі таңда келесі шығармалары неміс тілінде жарық көрді: М. Мақатаевтың «Тay бір аңыз», М. Әуезовтің «Қилы заман», І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы, Г. Бельгердің «Дом скитальца», О. Сүлейменовтың «Минута молчания на краю света» және басқалары.

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia