ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері қаралды. ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев баяндама жасады.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің деректеріне сай, барлық су тоғанынан елді тұрақты суаруға шамамен 11,6 текше километр су жұмсалады. Оның 11,3 текше километрі немесе 97%-ы 4 оңтүстік облысқа тиесілі. Ол – 1,28 млн гектар суармалы алаңы бар, яғни ел бойынша барлық суармалы алаңның 80%-ын құрайтын Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстары.

«Соңғы жылдары су тапшылығы елдің оңтүстік өңірлерінде білінуде. Осы өңірлерде вегетациялық кезеңнің тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін былтырғы қарашадан бастап алдағы вегетациялық кезеңге дайындық жұмыстары басталды», — деді С. Брекешев.

Министрлік 2021-2022 жылдардағы вегетациялық және вегетацияаралық кезеңдердегі жұмыс жоспарын бекітті.

Талқылау қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов вегетациялық кезеңнің жақсы өтуі алдағы маусымдағы егістің өнімді болуына ғана емес, түптеп келгенде еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей байланысты екенін атап өтті.

Ол Қазақстандағы сегіз су шаруашылығы бассейнінің жетеуі бастауын трансшекаралық өзендерден алатынын атап өтті. Өзен суларының тең жартысына жуығы бізге сырттан келеді.

Бұл ретте, сарапшылардың болжауына сай, 2040 жылға қарай Қазақстанда суды тұтыну көлемі 56%-ға өседі, ал су тапшылығы жылына 12 текше километрге дейін жетуі мүмкін. Оның үстіне Қазақстандағы өзендердің тартылып бара жатқаны білінеді. Мұның барлығы еліміздің оңтүстік өңірлерінінің су тапшылығынан зардап шегуіне әкеледі.

Осыған байланысты Үкімет басшысы суды тиімді пайдаланудың өте өзекті мәселе болып отырғанын айтты.

Мәселен, ауыл шаруашылығына арналған судың небәрі 60%-ы ғана егіс алқаптарына дейін жетеді. Қалған бөлігі инфрақұрылымның нашарлығынан далаға кетеді. Сондықтан каналдар мен су қоймаларын жөндеп, су ресурстарын басқаруды автоматтандыру қажет.

«Әкімдіктер бұл мәселені ерекше бақылауда ұстап, су шаруашылығы объектілерін цифрландыру және автоматтандыру жөніндегі жол карталарын уақытылы іске асыруды қамтамасыз етуі тиіс. Каналдар мен су қоймаларының меншік иелері өз міндеттерін нақты орындайтын болса, жөндеу жұмыстарын және су ресурстарын басқаруды жетілдіруге мемлекеттік қолдау шараларымен ынталандыру маңызды», — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар Үкімет басшысы суармалы суды тиімді бөлу керектігіне назар аударды. Әкімдіктер суды көп қажет ететін дақыл алқаптарын қысқарту үшін фермерлер арасында үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс.

Суармалы суға тарифті қайта қарап, оны барынша ұқыпты пайдалануды қамтамасыз ету аса маңызды.

Талқылауды түйіндей келе, Премьер-Министр мүдделі мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді:

су дипломатиясы бойынша нақты позицияны әзірлеп, үкіметаралық комиссия аясында елдің мүддесін ескере отырып, оны ілгерілетуді қамтамасыз ету керек;

суару тәсілдеріне қарай су беру қызметтерін өтеу бойынша субсидияларды саралау мәселесін пысықтау керек;

суармалы жерлердің 1 гектарға емес, суаруға кеткен судың көлемі үшін ақы енгізу мәселесі пысықталуы тиіс. Бұл суды тиімді пайдалануға ықпал етеді.

Необходимо повысить рациональное использование воды

На заседании Правительства под председательством Премьер-Министра РК Алихана Смаилова рассмотрены вопросы эффективного использования водных ресурсов. С докладами выступили министры экологии, геологии и природных ресурсов РК Сериккали Брекешев, сельского хозяйства — Ербол Карашукеев, акимы Жамбылской области — Нуржан Нуржигитов, Кызылординской — Нурлыбек Налибаев.

По данным Министерства экологии, геологии и природных ресурсов РК, на регулярное орошение страны из всего водозабора приходится порядка 11,6 км3 воды, из которых 11,3 км3 или 97% приходится на 4 южные области. Это Алматинская, Жамбылская, Туркестанская и Кызылординская с общей площадью орошения 1,28 млн га или 80% от всей площади по стране.

«В последние годы нехватка воды ощущается в южных регионах страны. Для обеспечения стабильного прохождения вегетационного периода в данных регионах с ноября 2021 г. были начаты подготовительные работы к предстоящему вегетационному периоду», — отметил С. Брекешев

Министерством был утвержден План работы в межвегетационный и вегетационный периоды на 2021-2022 годы.

По итогам обсуждения, Алихан Смаилов подчеркнул, что эффективное прохождение вегетационного периода является основой урожайности сезона и в целом продовольственной безопасности страны.

Он отметил, семь из восьми водохозяйственных бассейнов Казахстана являются трансграничными. Почти половина стока рек поступают из сопредельных стран.

При этом, по прогнозам экспертов, водопотребление Казахстана к 2040 г. вырастет на 56 %, а дефицит водных ресурсов может достигнуть 12 км³ в год. К тому же наблюдается продолжающийся цикл маловодия в бассейнах рек Казахстана. Все это повышает риски нехватки водных ресурсов в южных регионах страны.

В этой связи глава Правительства назвал одним из актуальных вопросов эффективное использование воды.

Так, из забираемого для сельского хозяйства объема воды до полей доходит лишь 60%. Остальной объем воды теряется из-за неудовлетворительного состояния инфраструктуры. Требуется ремонт каналов, водохранилищ и внедрение автоматизированного управления водными ресурсами.

«Акиматы должны держать на особом контроле данный вопрос и обеспечить своевременную реализацию дорожных карт по цифровизации и автоматизации водохозяйственных объектов. Важно стимулировать собственников каналов и водохранилищ при четком исполнении своих обязательств мерами господдержки на ремонт и совершенствование управления водными ресурсами», — поручил Алихан Смаилов.

Также глава Правительства указал на необходимость рационального распределения поливной воды. Акиматы на постоянной основе должны проводить разъяснительную работу среди фермеров по сокращению площадей влагоемких культур.

Важно обеспечить бережное водопотребление, в том числе путем пересмотра тарифообразования на поливную воду.

Резюмируя обсуждение вопроса Премьер-Министр дал ряд поручений заинтересованным госорганам:

выработать четкую позицию по водной дипломатии и обеспечить ее продвижение в рамках действующих межправительственных комиссий с учетом национальных интересов;

проработать вопрос дифференцирования субсидий по возмещению услуг подачи воды в зависимости от способов полива;

проработать вопрос введения платы за объем использованной поливной воды, а не за водопользование на 1 гектар поливных земель. Это послужит повышению рационального использования воды.

Источник: https://primeminister.kz/ru/news/neobhodimo-povysit-racionalnoe-ispolzovanie-vody-premer-ministr-rk-2445336

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia