Еліміздің елді мекендерін газдандыру мәселесі ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында талқыланды. Энергетика министрі Болат Ақшолақов, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, Нұр-Сұлтан қаласының және Батыс Қазақстан облысының әкімдері баяндама жасады.

Энергетика министрлігі басшысының ақпаратына сәйкес, өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда газбен қамтамасыз ету деңгейі халық санының 57,67%-ын құрады. Елді газдандыру 2015-2030 жылдарға арналған бас схемаға сәйкес жүзеге асырылуда.

Премьер-Министр соңғы 5 жылда ішкі нарықта газ тұтыну көлемі 35%-ға артқанын атап өтті. Өткен жылдың өзінде ғана 3600-ден астам өнеркәсіптік нысан көгілдір отынға көшірілді.

«Биыл тұтыну көлемі 20 млрд текше метрге дейін өседі деп болжануда. Газдандырылған елді мекендердің жалпы саны 1700-ден асады. Осылайша 11 млн-нан астам қазақстандық табиғи газға қол жеткізеді», — деді Ә. Смайылов.

Премьер-Министр тұрақты өсім көрсетіп отырған газ саласының еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды орын алатынын атап өтті.

«Өсіп келе жатқан халық саны мен өнеркәсіп саласының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін газ көлемі жеткілікті болуы керек. Сондықтан ресурстық базаны кеңейту, оның ішінде ауқымды геологиялық барлау жұмыстары негізгі міндетке айналуы тиіс», — деді Министрлер кабинетінің басшысы.

Премьер-Министрдің пікірінше, шикізат қоры, әсіресе, газдың жеткілікті көлемі нарыққа келетін әлеуетті инвесторлар үшін аса маңызды.

Осыған байланысты бейінді ведомстволарға 15 маусымға дейін Жетілдірілген модельдік келісім-шартты әзірлеу аясында газ жобалары үшін реттеушілік және фискалдық преференциялардың түпкілікті пакетін әзірлеу тапсырылды.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов елді одан әрі газдандыру газ тасымалдау жүйесінің деңгейі мен жағдайына тікелей байланысты екенін атап өтті. Бүгінгі таңда газ құбырлары максималды қуатында жұмыс істеп тұр. Олардың көбі күрделі жөндеуді қажет етеді. Осыған орай Премьер-Министр 1 шілдеге дейін Үкіметке Өңірлерді газдандырудың 2030 жылға дейінгі бас схемасының жаңартылған жобасын енгізуді тапсырды.

«Жаңа нысандарды салу, ескілерін жаңғырту және жөндеу бойынша нақты жоспар болуы керек», — деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің солтүстік және шығыс өңірлерін газдандырудың оңтайлы шешімі іздестіріліп жатыр.

«Қазір екі нұсқа пысықталып жатыр. Бірі – Ресей арқылы газ тарту болса, екіншісі – “Сарыарқа” магистральдық газ құбыры арқылы. Бұл өте маңызды мәселе. Сондықтан кешіктіруге болмайды», — деді Әлихан Смайылов.

Осыған байланысты Энергетика министрлігіне тиісті әкімдіктермен және «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, биылғы 1 қыркүйекке дейін аталған нұсқаларға кешенді бағалау жүргізіп, келісілген шешімді енгізу тапсырылды.

Алихан Смаилов поручил до 1 сентября внести в Правительство решение по газификации северных и восточных регионов страны

Вопрос газификации населенных пунктов страны обсудили на заседании Правительства под председательством Премьер-Министра РК Алихана Смаилова. С докладами выступили министр энергетики Болат Акчулаков, председатель АО «ФНБ «Самрук-Казына» Алмасадам Саткалиев, акимы г. Нур-Султана и Западно-Казахстанской области.

По информации главы Минэнерго, по итогам прошлого года уровень обеспечения газом в Казахстане составил 57,67% от численности населения. Газификация страны осуществляется согласно Генеральной схеме на 2015-2030 гг.

Премьер-Министр отметил, что за последние 5 лет объемы потребления газа на внутреннем рынке выросли на 35%. Только в прошлом году на голубое топливо были переведены свыше 3600 промышленных объектов.

«В текущем году ожидается рост потребления до 20 млрд куб.м. Число газифицированных населенных пунктов составит свыше 1700. Таким образом более 11 млн казахстанцев будут иметь доступ к природному газу», — сказал А. Смаилов.

Премьер-Министр подчеркнул, что газовая отрасль демонстрирует устойчивый рост и занимает важное место в социально-экономическом развитии страны.

«Растущие потребности населения и промышленности требуют наличия достаточных объемов газа. Поэтому расширение ресурсной базы, в том числе масштабные геологоразведочные работы, должны стать ключевой задачей», — отметил глава Кабмина.

По его мнению, это важно и для потенциальных инвесторов, чье вхождение на рынок во многом обусловлено наличием сырья, в особенности газа.

В связи с этим профильным ведомствам дано поручение до 15 июня выработать окончательный пакет регуляторных и фискальных преференций для газовых проектов в рамках разработки Улучшенного модельного контракта.

Также Алихан Смаилов отметил, что дальнейшее развитие отрасли напрямую зависит от уровня и состояния газотранспортной системы. Сегодня газопроводы работают на максимальных возможностях и многие из них требуют капитального ремонта. Учитывая это, Премьер-Министр поручил до 1 июля внести в Правительство актуализированный проект Генеральной схемы газификации регионов до 2030 года.

«Должен быть четкий план по строительству новых мощностей, модернизации и ремонту действующих», — подчеркнул глава Правительства.

Кроме того, в соответствии с поручением Главы государства ведется поиск оптимального решения вопроса газификации северных и восточных регионов страны.

«Прорабатываются два варианта – от российских источников и через магистральный газопровод «Сары-Арка». Данный вопрос важен и затягивать его нельзя», — отметил Алихан Смаилов.

В этой связи Министерству энергетики совместно с соответствующими акимами и фондом «Самрук-Казына» до 1 сентября т.г. поручено провести комплексную оценку рассматриваемых вариантов и внести согласованное решение.

Источник: https://primeminister.kz/ru/news/alihan-smailov-poruchil-do-1-sentyabrya-vnesti-v-pravitelstvo-reshenie-po-gazifikacii-severnyh-i-vostochnyh-regionov-strany-2441643

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia