Орталық Азияда алғаш рет «Алматыдағы Франкфурт кітап жәрмеңкесі: баспа ісіндегі заманауи үрдістер және авторлық құқық менеджменті» атты семинар өтіп жатыр. Іс-шара халықаралық баспа нарығында маңызға ие.
Семинар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Франкфурт кітап жәрмеңкесінің, Қазақстан Баспагерлер, полиграфистер және кітаптаратушылар Ассоциациясының, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және «Nomad Culture Foundation» қорының қолдауымен ұйымдастырылды.
Іс-шара қазақстандық баспагерлерге саладағы заманауи технологияларды меңгеруге, халықаралық байланыстарды нығайтуға және әлемдік сарапшылармен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Бағдарлама аясында авторлық құқықтар мен лицензияларды сатып алу және сату бойынша халықаралық тәжірибе, сондай-ақ Frankfurt Connect және Frankfurt Rights платформаларының жұмысын талқылау сияқты өзекті мәселелер қарастырылуда. Бұл платформалар іскерлік қарым-қатынас пен кітап құқықтарын басқаруға арналған.
Іс-шараның негізгі спикерлері – Никол Уитт, Герман Экель, Беттина Бак және Владка Купска. Арнайы қонақ ретінде Франкфурт кітап жәрмеңкесінің президенті Юрген Боос қатысты.
Семинарға 20 қазақстандық баспа мен полиграфия саласының 40-тан астам мамандары мен оқытушылары қатысып жатыр.
Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia