Пейзажи за окном поезда мелькают, как суматошные наши будни. Пролетают мимо заросли плакучей ивы, затем заснеженные поляны, из серого тумана вдруг появляется сверкающее серебром озеро, словно глаз степи. И все это под монотонный стук колес: «Впе-ред, ско-рей, это жизнь, твоя жизнь…» Вы знаете, что там вдоль дороги будет дальше?
Через несколько минут появится старый район Караганды, а потом и Дворец культуры горняков, где проходит фестиваль Nauryz Fashion 2026. Это мероприятие проводится при поддержке Управления культуры, архивов и документации Карагандинской области.
Именно для этого показа в течение нескольких месяцев я изобретала концептуальную коллекцию одежды под названием «Душа Тенгри». Уже в третий раз мой бренд «Eve Art» будет представлен на подиуме. Помимо нас с Надеждой Шлотгауэр показывались Гульнур Жарылханова (Atelier Gulnur Studiya), Салия Бейсенова (Saliya), Индира Белғазы (Korkem brand), Улжан Айдиллаева (Uljan), Арман Дюсенбаева (Dream Duysenbaeva), Раушан Амантаева (Samga) и Нургуль Рыскулова (Nurasem).
Перед дизайнерами стояла весьма любопытная задача – показать миру код национального казахского костюма в современной интерпретации. В поисках адаптации национального кода к современности я решила использовать ту эклектику, которая со времен сотворения мира совмещает несовместимое.
Войлок ручной работы, отделка из пушистого меха с кружевом, элементы казахских национальных украшений в виде медалек и цепочек, шифон и тончайшая сетка. Любопытно? И в противовес изысканности – резьба по кости. Кость режу я лично, каждый раз наслаждаясь тем, что я единственная женщина-косторез в Казахстане.
Пока Надежда пришивала трехметровые крылья богине Умай, я показывала участникам фестиваля музыкальный инструмент «Шум дождя». Уникальная вещь, появившаяся в глубокой древности, известна среди этнических музыкантов мира как «рейнстик». Украшенный мехом, натуральными камнями и костью инструмент обладает умиротворяющим медиативным действием. Наклоняя его поочередно в разные стороны, можно услышать как осенний дождь шепчет о странностях судьбы, вечной любви и тихом забвении…
Но самым интересным оказался танцующий Баксы, вызвавший нереальные аплодисменты. Он с таким азартом колотил в бубен и кружился по подиуму, что зрители начали кричать: «Браво!»
Эпоха тенгрианства – удивительная тема. Изделия с петроглифами вызывают неизменный интерес у публики на выставках-ярмарках Германии, Франции, Америки, Австрии. Одна из самых красочных работ – «Рассвет цвета фламинго», – живет в Кувейте. Приятно осознавать, что ты являешься частичкой великого понятия «объединяющая сила искусства».
В завершение фестиваля нам, простым карагандинским девчатам, ломающим своими необычными решениями всем приевшиеся стереотипы, вручили цветы, статуэтки с логотипом Nauryz Fashion и дипломы. Да, это еще не «крик моды», а только шёпот. Но все впереди!
Фестиваль закончился поздно вечером, когда город оделся в цветные иллюминации из орнаментов. Мы с Надин спустились по лестнице, поставили рядом сумки с костюмами и удобно устроились на лавочке в ожидании машины. За спиной моей верной соратницы очень символично выглядывали из сумки белоснежные крылья. Я пыталась не уснуть от усталости прямо на лавочке, обняв шаманский бубен. Мы обе смотрели наверх, в затянутое тучами небо. Вы представляете себе, какой океан творческих идей может появиться в головах двух дизайнеров? И вдруг Надин задумчиво промолвила, словно прочла мои мысли: «Хорошее у нас небо. Очень хорошее. Чистое, спокойное. Ценить это нам всем надо…» И, словно боясь спугнуть настроение, тихо спросила: «Ева, ты в Астану завтра поедешь по поводу выставки?»
Поеду, конечно. Завтра снова будут мелькать пейзажи за окном, сменяя друг друга, словно наши суматошные будни. Вы случайно не знаете, что там, вдоль дороги нашей жизни, будет дальше?
Евгения Шульц
Дәстүрден қазіргі заманға
Пойыз терезесінің сыртындағы көріністер біздің қарбалас күндеріміз секілді бірінен соң бірі сырғып өтеді. Алдымен жылауық талдың бұталары, артынша қар жамылған алқаптар, сұр тұман арасынан кенет күмістей жарқыраған көл көрінеді – дала көзі секілді. Мұның бәрі доңғалақтардың бірсарынды дыбысына ілеседі: «Алға, жылдамырақ, бұл өмір, сенің өмірің…» Ал сіз білесіз бе, жол бойында ары қарай не күтіп тұр?
Бірнеше минуттан кейін Қарағандының ескі ауданы көрінеді, одан кейін – Nauryz Fashion 2026 фестивалі өтетін Кеншілер мәдениет сарайы. Бұл шара Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған.
Дәл осы көрсетілім үшін мен бірнеше ай бойы «Тәңір жаны» атты концептуалды киім топтамасын дайындадым. Менің «Eve Art» брендім подиумда үшінші рет ұсынылып отыр. Бізден бөлек, көрсетілімге Надежда Шлотгауэр, Гульнур Жарылханова (Atelier Gulnur Studiya), Салия Бейсенова (Saliya), Индира Белғазы (Korkem brand), Улжан Айдиллаева (Uljan), Арман Дюсенбаева (Dream Duysenbaeva), Раушан Амантаева (Samga) және Нургуль Рыскулова (Nurasem) қатысты.
Дизайнерлердің алдында қызықты міндет тұрды – қазақтың ұлттық киімінің кодын заманауи интерпретацияда көрсету. Ұлттық кодты қазіргі заманға бейімдеу жолында мен ежелден бері үйлеспейтінді үйлестіретін эклектиканы таңдадым.
Қолмен жасалған киіз, үлбіреген тері мен шілтермен әрленген бөлшектер, қазақтың ұлттық әшекейлерін еске түсіретін медальондар мен тізбектер, шифон мен жұқа тор. Қызық па? Ал нәзіктіктің қарсысында – сүйек ою өнері. Сүйекті өзім оямын, әрі Қазақстандағы жалғыз әйел сүйек шебері екенімді әрдайым мақтан тұтамын.
Надежда үш метрлік қанаттарды Ұмай ана бейнесіне тігіп жатқанда, мен фестиваль қатысушыларына «Жаңбыр үні» музыкалық аспабын көрсеттім. Бұл көне заманнан жеткен ерекше аспап әлемде «рейнстик» деген атаумен белгілі. Теріден, табиғи тастар мен сүйектен безендірілген бұл аспап тыныштандыратын, медитативті әсерге ие. Оны еңкейтіп бұрғанда, күзгі жаңбырдың тағдырдың тосындығы, мәңгі махаббат пен үнсіз ұмытылу туралы сыбырын естігендей боласың…
Бірақ ең әсерлі сәт – сахнаға шыққан билеуші бақсы болды. Ол даңғырасын құлшына ұрып, подиумда айнала билегенде, көрермендер ду қол шапалақтап, «Браво!» деп айқайлады.
Тәңіршілдік дәуірі – таңғажайып тақырып. Петроглифтері бар бұйымдар Германия, Франция, Америка, Австриядағы көрмелерде әрдайым үлкен қызығушылық тудырады. Менің ең жарқын жұмыстарымның бірі – «Фламинго түстес таң» – бүгінде Кувейтте сақтаулы. Өнердің біріктіруші күші деген ұғымның бір бөлшегі екеніңді сезіну – ерекше әсер.
Фестиваль соңында бізге – қалыптан тыс шешімдерімізбен стереотиптерді бұзып жүрген қарағандылық қыздарға – гүлдер, Nauryz Fashion логотипі бар мүсіншелер және дипломдар табысталды. Иә, бұл әлі «мода айқайы» емес, тек сыбыр ғана. Бірақ бәрі алда!
Фестиваль кешке қарай, қала ою-өрнекті жарықтармен көмкерілген кезде аяқталды. Біз Надин екеуміз баспалдақтан түсіп, костюм салынған сөмкелерді жанына қойып, көлікті күтіп орындыққа жайғастық. Сенімді серігімнің арт жағынан сөмкеден аппақ қанаттар сығалап тұрды – өте символикалық көрініс.
Мен шаршағаннан орындықта отырып ұйықтап кетпеуге тырысып, шаман даңғырасын құшақтап отырдым. Екеуміз де бұлт торлаған аспанға үнсіз қарадық. Екі дизайнердің басында қаншама идея тууы мүмкін екенін елестете аласыз ба?
Сол сәтте Надин ойға шомып, менің ойымды оқығандай:
– Біздің аспанымыз қандай жақсы, – деді. – Өте жақсы. Таза, тыныш. Мұны бәріміз бағалауымыз керек…
Сосын, әлденеден сескенгендей, жай ғана сұрады:
– Ева, ертең Астанаға көрме бойынша барасың ба?
Әрине, барамын. Ертең тағы да терезе сыртында көріністер ауысып, біздің қарбалас өміріміз секілді зулап өтеді. Ал сіз білесіз бе, өмір жолымыздың бойында бізді алда не күтіп тұр?
Евгения Шульц
Аударманы дайындаған: Мүсіреп Руслан
Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia











