Әкім Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясы «Бірлік пен ынтымақ – мемлекеттің тірегі» тақырыбымен өтті. Жұмысқа сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының депутаты, ҚХА мүшесі Евгений Больгерт, ҚХА хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғалымжан Махан, қаладағы этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты.

Шара барысында қатысушылар Мемлекет басшысының ҚХА ХХІІІ сессиясында берген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында қалалық мәслихаттың мақсаттары мен міндеттерін талқылады. Қазақстандық бірліктің бірегей моделін қалыптастырудағы мемлекеттік институттың рөліне көп көңіл бөлінді. Осылайша, су тасқыны кезінде ҚХА мүшелері зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету үшін алғашқылардың бірі болып әрекет етті, бұл біздің республикамыздың барлық этностарының ынтымағын жақсы дәлелдейді. Қайырымдылық қызметі көптен бері Ассамблеяның айрықша белгісі болып, ҚХА-ның «Жүректен жүрекке» арнайы жобасын көпұлтты еліміздің барлық өңірлері қолдады. Сондай-ақ ҚХА сессиясы аясында Астанада ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасарларына сайлау өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша көпшілік дауыспен Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Амиржан Альпеисов пен Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша немістер қоғамының төрағасы Александр Кайль сайланды.

«Возрождение» қазақстандық немістер қауымдастығы» қоғамдық қоры Александр Владимировичті осы құрметті қызметімен құттықтайды! Оның ынта-жігері, бастамашылдығы мен жауаптылығы, ең бастысы, жоғары кәсібилігі Отанымыздың және бүкіл көп ұлтты Қазақстан халқының игілігіне қызмет етеді.

DAZ

Қазақша аудармасын дайындаған: Руслан Мүсіреп

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь