Тағдырдың жазуымен қазақ жері елімізде тұратын жүзден астам этнос өкілдері үшін киелі алтын бесікке айналды.
Ақмола облысының Достық үйінде «Достық дәмі» фестивалінің қорытынды аккордына айналған Гала-концерт өтті. Көкшетауда Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ішкі саясат басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» КММ тарихи-өлкетану мұражайымен бірлесіп ұйымдастырған шараның бастауы берілді. Облыстың тоғыз ауданы мен Степногорск қаласынан келген этномәдени бірлестіктердің өкілдері мамыр-қазан айлары аралығында жергілікті жерлерде іс-шаралар өткізді.
Фестиваль қорытындысы бойынша Бурабай, Аршалын және Атбасар аудандары жаңа қоғамдық сананы қалыптастыруға, қазақ халқының рухани-мәдени құндылықтарының деңгейін арттыруға және қазақ тіліне деген құрметке қосқан үлесі үшін жүлделі орындарға ие болды. Қазылар алқасының шешімімен Гран-при Степногорск қаласындағы Достық және шығармашылық үйінің этномәдени бірлестігінің мүшелеріне берілді.
Іс-шара қонақтары ҚХА жанындағы қолөнер шеберлерінің «Экскурсиялық серуендеуінде» болды, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің жәдігерлерінің көрмесін және концерттік бағдарламаны тамашалады.
«Достық дәмі» жобасы өңірдегі этностардың қазақ халқының рухани құндылықтарын мойындап, қабылдайтын достық пен келісім жағдайында өмір сүріп жатқанын тағы бір дәлелдеді.
Қазақша аудармасын дайындаған: Руслан Мүсіреп
Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia