ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді «Қазақстан Республикасы – Еуропалық одақ» Парламенттік ынтымақтастық комитетінің 19-шы отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген Еуропалық парламент делегациясын қабылдады.

Делегация тобына Еуропалық парламенттің (ЕП) Орталық Азия және Моңғолиямен ынтымақтастық жөніндегі делегациясының бірінші орынбасары және ЕП көлік және туризм жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Андрис Америкс (Латвия), ЕП халықаралық істер жөніндегі комитетінің мүшесі Франсиско Миллан-Мон (Испания), сондай-ақ ЕП бірқатар жетекші партиялық топтарының саяси кеңесшілері кірді.
«Еуропарламент делегациясы Қазақстанға өте дер кезінде келуі Қазақстан мен ЕО арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім аясында саяси және парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға, ынтымақтастықтың жаңа перспективалық тауашаларын іздеуге қосымша серпін береді», – деп кездесу барысында ҚР сыртқы саяси мекемесінің басшысы мәлімдеді.

Министр еуродепутаттармен ҚР Президентінің елдің саяси жүйесін жаңғырту және «Жаңа Қазақстанды» құру жөніндегі реформалар бағдарламасын талқылады.
Өз кезегінде А. Америкс «Қазақстан Еуропалық одақтың Орталық Азия өңіріндегі негізгі әріптесі болып табылады», – деп атап өтті. «Мен екі жарым жыл бұрын Қазақстанға келгенімнен бері көп нәрсе өзгерді, бірақ Қазақстан мен Еуропалық одақ жақын серіктес болып қала береді. Біз елдегі саяси реформалар бағытын қолдаймыз және оның жүзеге асырылуын мұқият бақылаймыз».

ЕП делегациясының сапары аясында, парламентаралық ынтымақтастық комитеті отырысынан басқа, алдағы уақытта Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында Сенат мен Мәжіліс депутаттарымен, Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, ҚР құқық қорғау органдарымен, мемлекеттік органдардың экономикалық саласындағы және азаматтық қоғам өкілдерімен кездесулері жоспарланған.

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia