Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының белсенділерін марапаттады

Алматы әкімі Ерболат Досаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай мерейтойлық медальдарды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан тапсырды. Тойлау салтанаты республикалық Достық үйінде өтті.

Шараны ашқан Ерболат Досаев Ассамблеяның 30 жылдығын тек мерейтой ғана емес, үш онжылдықтың қорытындысы ретінде ұлтаралық келісімді, тұрақтылықты және қоғам бірлігін нығайтудағы орасан зор жұмыс нәтижесі ретінде атады. Сонымен қатар, ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың IV Ұлттық құрылтай отырысында жасаған сөзін келтірді:

– Геосаяси шиеленіскен жағдайда, біз үшін басты шарт – қоғамдағы бірлік, келісім және тұрақтылықты сақтап қалу өте маңызды.

Әкімнің айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделін қалыптастыруда маңызды рөл атқарып, ашық диалог, мәдени алмасу және өзара әрекеттесудің бірегей платформасына айналды, сондай-ақ «Әр түрліліктегі бірлік» деген ұлттық идеяның негізін қалады.

Марапатталғандардың қатарында Алматы қалалық «Возрождение» немістердің мәдени-этникалық қоғамының төрағасы Людмила Набокова мен Республикалық неміс газеті Deutsche Allgemeine Zeitung бас редакторы Олеся Клименко да болды.

Бұл марапат қоғамдық және этномәдени жұмыстарға жаңа серпін беріп, жаңа қызықты идеяларға мотивация болады.

DAZ

Аударманы дайындаған: Руслан Мүсіреп.

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь