Депутаты Сената Парламента РК Али Бектаев, Евгений Больгерт и Айнур Аргынбекова встретились с делегацией Генерального совета Андорры во главе с председателем комитета по внешней политике Берной Кома в рамках деятельности межпарламентской группы дружбы «Казахстан — Андорра». Участники встречи обсудили вопросы межпарламентского взаимодействия, развития торгово-экономического сотрудничества, зеленой экономики, цифровых технологий и искусственного интеллекта.
Али Бектаев подчеркнул, что межпарламентский диалог играет ключевую роль в укреплении двустороннего сотрудничества. Он отметил, что Генеральный совет Андорры, как и Сенат Казахстана, представляет интересы регионов своих стран, что создает дополнительные возможности для налаживания прямых и предметных контактов.
«Межпарламентское сотрудничество активно развивается и в многостороннем формате — в рамках Парламентских ассамблей Совета Европы, ОБСЕ, а также Межпарламентского союза. В рамках работы Парламентской ассамблеи Совета Европы был представлен доклад по Казахстану. Важно отметить, что ПАСЕ высоко оценила проводимые в нашей стране политические реформы и усилия в сфере защиты прав человека, включая усиление защиты женщин, лиц с инвалидностью и других уязвимых категорий», – подчеркнул сенатор.
Сенатор также рассказал о ходе политических реформ, проводимых в Казахстане, отметив, что с 2019 года страна реализует масштабную программу трансформации, направленную на построение Справедливого Казахстана. Он подчеркнул, что реформы носят последовательный и продолжающийся характер, а также рассказал об инициативе по переходу к однопалатному Парламенту, решение по которой планируется принять на общенациональном референдуме в 2027 году.
В свою очередь, депутаты Генерального совета Андорры высоко оценили проводимые в Казахстане политические преобразования и выразили готовность к дальнейшему развитию межпарламентского взаимодействия, подчеркнув значимость регулярного диалога и укрепления практического сотрудничества между Парламентами двух стран.
С уважением, Пресс-служба
Сенаторлар Андорра Бас кеңесінің депутаттарымен кездесті
ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев, Евгений Больгерт және Айнұр Арғынбекова «Қазақстан – Андорра» парламентаралық достық тобының қызметі аясында Сыртқы саясат жөніндегі комитеттің төрағасы Берна Кома бастап келген Андорра Бас кеңесінің делегациясымен кездесті. Кездесуге қатысушылар парламентаралық іс-қимыл, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, жасыл экономика, цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мәселелерін талқылады.
Әли Бектаев парламентаралық диалог екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда шешуші рөл атқаратынын атап өтті. Ол Андорра Бас кеңесі де Қазақстан Сенаты секілді өз елдерінің өңірлерінің мүддесін білдіретінін, бұл тікелей және нақты байланыстар орнату үшін қосымша мүмкіндіктер туғызатынын айтты.
«Парламентаралық ынтымақтастық көпжақты форматта да — Еуропа Кеңесінің, ЕҚЫҰ-ның Парламенттік ассамблеялары, сондай-ақ Парламентаралық одақ аясында белсенді дамып келеді. Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясының жұмысы аясында Қазақстан бойынша баяндама ұсынылды. ЕКПА елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар мен адам құқықтарын қорғау саласындағы, оның ішінде әйелдерді, мүгедектігі бар адамдарды және басқа да осал топтарды қорғауды күшейту бойынша күш-жігерімізді жоғары бағалағанын атап өткен жөн», — деді сенатор.
Сондай-ақ сенатор Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалардың барысы туралы айтып, 2019 жылдан бастап елімізде Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды трансформация бағдарламасы іске асырылып жатқанына тоқталды. Ол реформалардың жүйелі әрі жалғаспалы сипатқа ие екенін жеткізе отырып, 2027 жылы жалпыұлттық референдумда шешімі қабылданады деп жоспарланған бірпалаталы Парламентке көшу туралы бастама туралы да баяндады.
Өз кезегінде Андорра Бас кеңесінің депутаттары Қазақстандағы саяси өзгерістерді жоғары бағалап, тұрақты диалог пен екі ел Парламенттері арасындағы практикалық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, парламентаралық іс-қимылды одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.
Құрметпен, Баспасөз қызметі
Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia













