Қазіргі жасөспірімдердің көпшілігіне психологиялық қолдау ауадай қажет. Кейбір балаларда, тіпті мектепке дейінгі жаста да, суицидтік мінез-құлықтың белгілері байқалады. Иә, көп жағдайда бұл – жай ғана назар аудартудың немесе манипуляцияның әрекеті, алайда кез келген, тіпті болмашы мәселе баланың көзқарасында үлкен трагедияға айналуы мүмкін екенін түсінуіміз керек. Біз белгілі психологтардан сұхбат алып, олардың көмегімен балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеу бойынша бірнеше кеңес дайындадық.
Мамандардың айтуынша, балалардың жағымсыз мінез-құлық көрсетуінің негізгі себептері – отбасындағы мәселелер, нағыз достардың жетіспеушілігі мен соның салдарынан туындайтын жалғыздық сезімі. Бұған қоса, буллинг (қорлау, мазақ ету) те үлкен рөл атқарады. Мұндай жағдайларда бала мәселесімен жалғыз қалмауы аса маңызды: дер кезінде көрсетілген назар мен қамқорлық қайғылы жағдайдың алдын алуы мүмкін.
Тиімді әдістердің бірі – ата-аналар, балалар және мұғалімдерге арналған бірлескен тренингтер мен кездесулер өткізу, оқушылар арасында, оның ішінде анонимді түрде сауалнама жүргізу. Психолог нақты нәтижеге жету үшін ата-аналардың да, педагогтардың да белсенді қатысуы қажет.
Сондай-ақ суицидтік ойлардың бар екенін білдіретін белгілерді, оның ішінде ауызша айтылған сөздерді де дер кезінде байқай білу керек. Мысалы: «менің болашағым жоқ», «мен өлімнен қорықпаймын» сияқты сөздер, мінез-құлықтың өзгеруі, киіну стилінің күрт ауысуы – мұның бәрі ішкі жан қиналысының белгісі болуы мүмкін. Көп жағдайда жасөспірім өзінің проблемаларын айтуға қорқады немесе қаламайды, сондықтан бұл белгілер ата-аналарды да, ұстаздарды да бей-жай қалдырмауы тиіс.
Суицидтік ойлардан баланы қызықты хобби, жаңа іс немесе орта алаңдата алады. Жақсы дос, жаттықтырушы немесе мұғалім балаға қолдау білдіретін сенімді тұлға бола алады. Баланың қолдау сезінуі, қиын жағдайын еш сынаусыз, айыптаусыз бөлісе алуы – аса маңызды. Мектептерде жастардың зорлық-зомбылыққа ұшыраған жағдайда қайда жүгінуге болатыны туралы ақпарат жазылған хабарландырулар ілінуі тиіс. Ал мамандар нақты жағдайдан қалай шығуға болатынын, өмірді қалай жақсы жағына қарай өзгертуге, қолдау табуға болатынын айтып, бағыт-бағдар бере алады.
DAZ
Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia