Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінде «Әділ Қазақстанның құрылысы және жаңа дәуірдегі Қытаймен ынтымақтастық келешектері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға ҚХР Мемлекеттік кеңесі жанындағы Даму және реформалар орталығының, Қытайдың қоғамдық ғылымдар академиясының, Қытай халықаралық проблемалар академиясының, Бейжің шет тілдер университеті мен ҚХР Ұлттар университетінің жанындағы «Қазақстан орталығының» басшылары мен сарапшылары, сондай-ақ қытай БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев өзінің сөз сөйлеуінде Қытай сарапшыларын өткен жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған реформаларды іске асыру барысының негізгі кезеңдерімен және қазіргі жағдайдағы Қазақстан-Қытай қатынастарының келешегі туралы егжей-тегжейлі таныстырды.

Өз кезегінде қытай сарапшылары «Әділ Қазақстан» құрылысының жай-күйі мен келешегі туралы өз бағалары мен пікірлерімен бөлісті. Атап айтқанда, ҚХР Мемлекеттік кеңесі жанындағы Даму және реформалар жөніндегі Орталық Еуропа мен Азияның әлеуметтік даму институтының директоры Ли Юнцюань «ҚР Конституциясы мен конституциялық түзетулердің табысы Қазақстанның тұрақты және салауатты дамуына негіз болатынын» атап өтті. Ғалымның пікірінше, тәуелсіздіктің 30 жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан Орталық Азия мемлекеттері арасында және жалпы посткеңестік кеңістікте айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Бұл тек Қазақстан үшін ғана емес, сондай-ақ Орталық Азия аймағы мен Еуразиялық кеңістіктің тұрақтылығы үшін үлкен мән-маңызға ие.

Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының Шығыс Еуропа, Ресей және Орталық Азия институтының Орталық Азия және Кавказ бөлім басшысы Чжан Нин Қазақстан мен Қытайдың дамуындағы параллельдіктерді атап өтіп, «қос ел де жаңғыру және даму жолымен жүріп жатыр, оның барысында олар ұлттық дәстүрлерге үлкен мән береді», – деп айтты.

Сарапшылардың пікірінше, стратегиялық тұрғыдан ҚХР Орталық Азияны Қытайдың үдемелі дамуы тұрақтылығына байланысты біртұтас аймақ ретінде қарастырады.
Сонымен қатар, қытай ғалымдары қос елдің көпжақты құрылымдар аясындағы тығыз өзара іс-қимылына жоғары баға беріп, ҚР-дың АӨСШК пен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына табысты төрағалығын атап өтті.

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia