ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Азық-түлік және ауыл шаруашылығы жөніндегі жаһандық форумға (GFFA) және Берлиндегі «Жасыл апта-2023» халықаралық көрмесіне қатысушыларды Қазақстанның ауыл шаруашылығы әлеуетін одан әрі арттырып, әлемдегі азық-түлік жағдайын тұрақтандыру мен жақсартудағы өз рөлін нығайтуға дайын екенін айтты.

Министр Германия, Польша, Өзбекстанның аграрлық ведомстволарының басшыларымен және Германия экономикасының шығыс комитеті мен „Bayer“ компаниясының өкілдерімен екіжақты кездесулер барысында қолда бар мүмкіндіктер туралы айтып берді.

Атап айтқанда, Е. Қарашөкеев Германия Федеративтік Республикасы Ауыл шаруашылығы федералды министрі Джем Өздемирмен ккздесуінде Қазақстан мен Германия арасындағы аграрлық саладағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, министр ГФР АШМ мемлекеттік хатшысы Сильвия Бендермен бірқатар кооперациялық жобалардың іске асырылу барысын егжей-тегжейлі талқылады, оның ішінде «аграрлық-саяси диалог» және «сүт өндіру саласындағы құзыреттерді арттыру» жобаларын ұзарту мәселелері қозғалды. Тараптар сондай-ақ Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласын техникалық жаңғыртуға елеулі серпін берген Солтүстік Қазақстан облысында КЛААС зауытының іске қосылуын ынтымақтастықтың жарқын мысалы ретінде атап өтті.

Польшаның вице-премьері – Ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды министрі Генрик Ковальчикпен кездесуде бірлескен кәсіпорындар құру және ауыл шаруашылығы өнімдерін өзара жеткізуді кеңейту үшін басым бағыттар айқындалды. Е. Қарашөкеев поляк инвесторларын ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуге және қант өндіруге тартуға ерекше назар аударды. Бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және тәжірибе алмасу арқылы ауыл шаруашылығы саласындағы қазақстандық және поляк ғылыми-зерттеу институттары арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызы зор. Тараптар екі елдің ветеринариялық қызметтерінің өзара іс-қимылын жандандыру туралы уағдаласты.

Толығырақ сайттан оқыңыз >>

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia