ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Премьер-Министр Кеңсесін Үкімет Аппараты ретінде қайта құру, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін қайта ұйымдастыру, сондай-ақ салалық тұжырымдамалар мен даму жоспарларын әзірлеу мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Әлихан Смайылов Премьер-Министр Кеңсесін Үкімет аппараты ретінде қайта құру Мемлекет басшысы бастамашылық еткен институционалдық реформа-лардың маңызды элементі болып табылатынын атап өтті. Оның айтуынша, орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын, құрылымдық өзгерістерді жалпы үйлестіру күшейтіледі.
– Ол үшін аппараттың құрылымы мен оның қызметі оңтайландырылады. Үкімет пен Премьер-Министрдің сараптамалық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық қызметін қамтамасыз ету күшейтіледі. Аппарат Президент Әкімшілігімен бірлесіп шешім қабылдау рәсімдерін бюрократиядан арылту және шамадан тыс регламенттеуді жою жөніндегі жұмысты жалғастырады, – деді Әлихан Смайылов.
Үкімет Аппараты басшысының м.а. Ғалымжан Қойшыбаев ведомствоның жұмысы бюрократиядан арылту, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» және орталықсыздандыру, сондай-ақ мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді қайта бөлу қағидаттарына негізделетінін хабарлады.
Кеңесті қорытындылай келе, Премьер-Министр Үкімет алдында экономиканың нақты мәнде 4%-ға өсуін қамтамасыз ету, инфляцияны 2 есеге 9,5%-ға дейін төмендету және 2023 жылы $24,4 млрд көлемінде тікелей шетелдік инвестициялар тарту секілді маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті.
– Біздің басты мақсатымыз – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өсуін қамтамасыз ету, халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын одан әрі арттыру. Сіздерден тиімді жұмыс және шешім қабылдауда үлкен жауапкершілік талап етіледі, – деп түйіндеді Әлихан Смайылов.
Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia