1997 жылдан бастап Елбасының жарлығымен Қазақстанда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып өтіледі. Еліміз үшін бұл күннің мәні ерекше. Бұл ГУЛАГ жүйесі мекемелерінің мұңды беттері ғана емес, Ұлы Отан соғысы жылдарында фашистік басқыншыларға қатысы бар деп айыпталған көптеген халықтардың жер аударылуы. Сонымен қазақ даласына немістер, түріктер, қырым татарлары, поляктар және т.б. 1921-1954 жылдар аралығындағы қуғын-сүргін жылдарында жүздеген мың адам зардап шекті, олардың көпшілігі жазаның ең жоғарғы шарасы – ату жазасына кесілді.

Барлық үкімдердің артында қираған өмірлер, талқандалған тағдырлар, ата-анасыз өскен бүлдіршіндердің тұтас ұрпақтары жатыр. Ал, замандастардың парызы – осы естелікті мұқият сақтау.

Тәуелсіздік таңы атқан тұста Қазақстан алғашқылардың бірі болып «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңды қабылдады, соның арқасында тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге мүмкіндік туды.

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia