Роль Ассамблеи народа Казахстана, её разностороннюю деятельность и вопросы межнационального согласия обсудили члены АНК совместно с представителями трудового коллектива метрополитена г. Алматы. В состав информационно-разъяснительной группы также вошли депутаты маслихата города.
Открывая круглый стол, Долкунтай Алиев, председатель Республиканского этнокультурного объединения уйгуров Казахстана, председатель центра «Жомарт жан» АНК, особо подчеркнул важность единства и межнационального согласия в нашей республике. Исторически сложилось, что в Казахстане в мире и согласии проживает более ста этносов, которые имеют возможности для сохранения родной культуры и языка.

В свою очередь, Садир Хамраев, член депутатской группы «Ынтымак», директор ТОО «Транспортный холдинг города Алматы», отметил символичность встречи в рамках года рабочих профессий.
Садир Хамраев хорошо знаком с деятельностью метрополитена и его трудовым многонациональным коллективом и уверен в приверженности каждого его члена идеалам единства и взаимопонимания.
Ряд интересных проектов для совместного сотрудничества предложил Рустам Кайрыев, член Общественного совета города Алматы, председатель Союза уйгурской молодёжи Казахстана. В их числе, прохождение профессиональной практики или трудоустройство молодёжи, а также презентация культурного многообразия нашей республики на станциях метрополитена при содействии творческих коллективов Ассамблеи народа Казахстана. Ежедневно число пассажиров метро составляет от 70 до 100 тысяч, и важно использовать эту площадку для популяризации деятельности этнокультурных объединений и АНК.
Кроме того Рустам Кайрыев поделился своим опытом и рассказал о молодёжных проектах, которые способствуют социальной адаптации и интеграции разных этнических групп в Казахстане. Многие из них реализуются на базе молодёжных комьюнити-центров, которые уже зарекомендовали себя эффективным пространством для общения, социальной поддержки, получения информации и организации досуга.
70 мың жолаушы және мәдени әртүрлілік: метро бірлік сахнасына айнала ала ма?
Алматы метрополитенінің еңбек ұжымымен кездесуде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері оның рөлін, әртүрлі бағыттағы қызметін және ұлтаралық келісім мәселелерін талқылады. Ақпараттық-түсіндіру тобының құрамына қалалық мәслихат депутаттары да кірді.
Дөңгелек үстелді аша отырып, Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени бірлестігінің төрағасы, ҚХА «Жомарт жан» орталығының басшысы Долкунтай Әлиев еліміздегі бірлік пен ұлтаралық келісімнің маңыздылығын ерекше атап өтті. Тарихи тұрғыдан алғанда, Қазақстанда жүзден астам этнос өмір сүреді, олардың барлығы бейбіт әрі келісім жағдайында тұрып жатыр, сонымен қатар ана тілі мен мәдениетін сақтау мүмкіндігіне ие.
Өз кезегінде, «Ынтымақ» депутаттық тобының мүшесі, «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС директоры Садыр Хамраев бұл кездесудің жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтуінің символдық мәні бар екенін айтты. С. Хамраев метрополитен қызметімен және оның көпұлтты еңбек ұжымымен жақсы таныс. Ол бұл ұжым елдегі бірлік пен келісім идеалдарына адал екеніне сенімді.
Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Қазақстан ұйғыр жастары одағының төрағасы Рустам Қайриев бірқатар қызықты бірлескен жобаларды ұсынды. Олардың ішінде жастардың кәсіби тәжірибеден өтуі мен жұмысқа орналасу мүмкіндігі, сондай-ақ ҚХА шығармашылық ұжымдарының қатысуымен метрополитен станцияларында еліміздің мәдени алуан түрлілігін көрсету жобасы бар. Алматы метросының күнделікті жолаушыларының саны 70–100 мың аралығында, сондықтан бұл кеңістікті этномәдени бірлестіктер мен ҚХА қызметін насихаттау үшін тиімді пайдалануға болады.
Сондай-ақ Рустам Қайриев өзінің тәжірибесімен бөлісіп, түрлі этностардың әлеуметтік бейімделуі мен ықпалдасуына бағытталған жастар жобалары туралы айтып берді. Бұл жобалардың көбісі өзін тиімді платформа ретінде көрсете білген жастарға арналған community-орталықтар базасында жүзеге асырылып жатыр. Олар — жастардың өзара тіл табысуы, әлеуметтік қолдау алуы, ақпаратпен қамтылуы және бос уақытын мазмұнды өткізуі үшін маңызды орын.
Олеся Клименко
Аударманы дайындаған: Руслан Мүсіреп
Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia