Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының инспекторы Мұхтар Құлжан Ақтөбе облысына алғаш рет іссапармен келді.

Бірнеше жылдан бері ҚХА институты бірте-бірте өзгереді деп айтылып келеді. Ол халықтар бірлігін нығайтуға ғана емес, этномәдени бірлестіктердің қоғамға пайдалылығына негізделген. Ақтөбеге алғаш рет келген Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жанындағы инспекторы Мұхтар Құлжан осы және т.б. туралы айтқан.

Алғашқы күні мейман облыстағы этномәдени бірлестіктердің төрағаларымен және өкілдерімен кездесті. Шараға қатысқан ақтөбелік «Возрождение» неміс қоғамының жетекшісі Елена Шинкаренко жиын туралы қысқаша әңгімелеп берді: — Біз өңірде де, елімізде де бірлікті, азаматтық бірегейлікті, қоғамдық келісімді нығайту мәселелерін талқыладық. Кез келген адам этномәдени орталықтардың мәселелерін айтып, ойларын ортаға салып, жай ғана өз пікірін білдіретін еркін әңгіме форматында өткен кездесудің ресми түрде болмағанына қуаныштымын.

Елорда қонағы сондай-ақ Ақтөбе облысы «Жастар ассамблеясы» РҚБ жастарымен кездесті. Көтерілген мәселелер Ассамблеяның қоғамдағы рөлі мен маңызына қатысты болды. — Бұл ашық диалог болды: сұрақтар қойдық, ой бөлістік. Біз маңызды тақырыптарға – этносаралық қатынастар саласындағы жобаларды ілгерілету және «Жастар ассамблеясының» жастар ұйымдарымен өзара әрекеттесу бойынша өңірлік жұмысын дамыту мәселелеріне тоқталдық. Жалпы, нәтижелі кездесу болды», — деді «Возрождение» қоғамының жастармен жұмыс жөніндегі үйлестірушісі Данил Цой.

Келесі кезекте М. Құлжан Мартук ауданында болып, ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға күш салып жүрген этномәдени бірлестіктер мен кәсіпкерлердің жұмысымен танысты. Инспекторға қолдан жасалған костюмдер, заманауи этникалық халаттар, көрпелер мен бисерден жасалған сөмкелер көрсетілді.

Константин Сергеев

Қазақша аудармасын дайындаған: Руслан Мүсіреп

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia