Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына арналған «Ата Заң – еліміздің тұрақты дамуының мызғымас кепілі» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Конституцияның елдің негізгі заңы ретіндегі маңызын және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы тарихи рөлін атап өтті. Онда бекітілген құндылықтар арқылы азаматтарда құқықтық сана қалыптасып, патриотизм мен бірлік сезімі нығаяды.
Елдегі жағдайға тоқталған модератор, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Айнур Идрисова құқықтық өрістің айтарлықтай кеңейгенін, ал халықтың азаматтық белсенділігінің артқанын атап өтті.
«Адамдардың елтаңбаға, туға, әнұранға деген шынайы сүйіспеншілігін көреміз, тіпті кішкентай балалардың да», – деді ол.
Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қарашаш Джүзееваның айтуынша, жас ұрпақта Конституцияға «тірі құжат» ретінде қарау маңызды:
«Қазіргі жастар басқа парадигмада өмір сүреді, олардың құндылықтары да бөлек, кейде заңның не екенін, неге оны сақтау керегін түсінбейді, өз құқықтарын білмейді. Сондықтан оларға көмектесу қажет. Олар лайықты азамат болып, біз – біртұтас ұлт екенімізді түсінуі маңызды».
Балалар мен жастармен жұмыс тәжірибесі туралы Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Айгуль Калыкова бөлісті. Ол бұл қызметтің АҚШ пен Еуропадан ерекшеленетінін, бірақ бар екенін әрі дамып келе жатқанын атап өтті.
«Мектептерде жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі бойынша сайлау өткізіледі. Бұл балаларға сайлау жүйесі мен таңдау құқығы туралы көбірек білуге, көп нәрсеге үйренуге мүмкіндік береді. Құқықтық сауаттылықты арттыру болашақта сайлаушылардың қатысуын көбейтеді деп күтілуде», – деді ол.
Кунаев университетінің профессоры, ҚР Конституциялық соты жанындағы ғылыми-консультативтік кеңес мүшесі, заң ғылымдарының докторы Кабдулсамих Айтхожин жас ұрпақтың құқықтық санасын тәрбиелеу және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының маңызы жайлы айтты:
«30 жыл бойы Конституция мемлекеттің жоғарғы құқықтық актісі ретінде қоғамдық келісімді, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етіп келді. Оның негізінде бүгінгі күні Жаңа әрі Әділетті Қазақстан құрылуда. Қиын геосаяси жағдайда біз мұның маңызына одан сайын мән беруіміз керек. Бұл бағытта Ассамблея өз үлесін қосып келеді. Біз – көптеген әлемдік институттар қадағалайтын жарқын жұлдызбыз, себебі біздің қоғамымызда ұлтаралық келісім мен тұрақтылықтың негізі қаланған. Ал жастар – болашақта осыны сақтап қалатын басты құрал».
Конституцияның рөлі және Парламент атқарып отырған жұмыс жайлы Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев айтты. Ол мазмұнды диалог үшін қатысушыларға алғыс білдіріп, соңғы шақырылымдарда лудомания, вандализм, синтетикалық есірткі, қаржы пирамидалары, электросамокаттар және басқа да мәселелер бойынша маңызды заңдар қабылданғанын атап өтті.
«Қазір жасанды интеллект туралы заң қарастырылып жатыр. Ол бізді билеп-төстемей, қоғамға қызмет етуі керек. Мұндай заң әзірге тек Жапонияда қабылданған. Айта кетерлігі, көптеген заң жобаларының бастамасын азаматтардың өздері көтеріп жүр. Конституцияда сөз бостандығы жайлы көп айтылған, ал мен мамандығым бойынша журналистпін, сондықтан оның шектен шығып кетпеуі маңызды екенін түсінемін. Әрбір оқушы, әрбір бала Конституцияны оқып, соған сай өмір сүруі керек деп есептеймін. Биылғы жылы Конституция мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойы қатар келуі де символдық мәнге ие. Өз кезінде Ассамблея Парламенттің баламасы болды, қазір оған зор үміт артып отырмыз. Сіздер оны ақтайсыздар деп сенемін. Алдағы мерекелеріңіз құтты болсын, қымбатты отандастар!» – деді ол.
«Ата заң – еліміздің тұрақты дамуының мызғымас кепілі»
В республиканском Доме дружбы г. Алматы прошел круглый стол «Ата заң – еліміздің тұрақты дамуының мызғымас кепілі», посвященный 30-летнему юбилею Конституции и Ассамблеи народа Казахстана.
Участники круглого стола отметили значимость Конституции как основного закона страны и её историческую роль в становлении и развитии суверенного Казахстана. Благодаря закрепленным в ней ценностям у граждан формируется правовое сознание, укрепляется чувство патриотизма и единства.
Говоря о ситуации в стране, модератор мероприятия, директор филиала Академии государственного управления при Президенте РК по г. Алматы Айнур Идрисова подчеркнула, что правовое поле стало довольно расширенным, а народ — активным в гражданском плане.
«Мы видим, как люди выражают искреннюю любовь к гербу, флагу, гимну, даже маленькие дети».
О том, как важно формировать у молодого поколения отношение к конституции как к живому документу, рассказала депутат городского маслихата Қарашаш Джузеева:
«Современная молодежь живет в другой парадигме, у них другие ценности, они иногда даже не понимают, что такое закон, почему его нужно соблюдать, не знают своих прав, поэтому необходимо помочь им в этом. Важно, чтобы они смогли стать достойными гражданами, осознать, что мы – единая нация».
Привела пример работы с детьми и молодежью и председатель территориальной избирательной комиссии г. Алматы Айгуль Калыкова. Она подчеркнула, что эта деятельность отличается от США и Европы, но все же существует и развивается.
«Так, в школах применяется система избрания местного самоуправления, что помогает ребятам больше узнать о выборной системе и праве на выбор, многому научиться. Ожидается, что повышение правовой грамотности позволит в будущем увеличить явку на избирательные участки».
О воспитании правосознания молодого поколения и важности концепции «Закон и порядок» рассказал д-р юридических наук, профессор университета Кунаева, член научно-консультативного совета Конституционного суда РК Кабдулсамих Айтхожин:
«На протяжении 30 лет мы видели, как Конституция, являясь верховным правовым актом государства, обеспечивала общественное согласие, политическую стабильность, и на её основе сегодня идет строительство нового и справедливого Казахстана. Сегодня, в сложнейших геополитических условиях, мы должны придавать этому еще большее значение, и в этом плане Ассамблея вносит свою лепту. Мы являемся той яркой звездой, за которой следят многие мировые институты, потому что именно в нашем обществе заложены межнациональное согласие и стабильность. И молодежь является тем инструментом, благодаря которому они сохранятся и в будущем».
О том, как коррелируется Конституция и какая работа проводится Парламентом, рассказал депутат Мажилиса Сергей Пономарев. Поблагодарив присутствующих за содержательный диалог, он отметил, что за последние созывы приняты важные законы о лудомании, вандализме, синтетических наркотиках, финансовых пирамидах, электросамокатах и многие другие.
«Сейчас рассматривается закон об искусственном интеллекте, чтобы он нас не поработил, а был на службе. Подобный закон пока принят только в Японии. Хочу отметить, что многие направления по законопроектам предлагают наши сограждане. Много в Конституции сказано и о свободе слова, так вот, я сам по специальности журналист и мы с коллегами понимаем, какие перегибы могут быть, и не хотим, чтобы эта свобода превратилась во вседозволенность. Поэтому я считаю, что каждый из школьников, каждый из наших детей должен прочесть Конституцию и жить по этому документу. Очень символично, что в этом году юбилей и у Ассамблеи народа Казахстана, и у Конституции, и на Ассамблею возлагаются огромные надежды. Знаю, что вы их оправдаете. С наступающим праздником вас, дорогие соотечественники».
Материал подготовил Тимофей Лихобабин.
Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia