Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Брюссельге жұмыс сапары аясында Ішкі істер бойынша Еуропалық Комиссар Ильва Йоханссонмен кездесу өткізді. Келіссөздер нәтижесі бойынша тараптар ҚР азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету туралы ресми консультацияларды бастау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.
М.Нұртілеу сұхбаттасын Қазақстанның визалық саясаты, ҚР тарапынан ЕО үшін көші-қон тәуекелдерінің болмауы, Қазақстан Үкіметі заңсыз көші-қонға қарсы күрес бойынша қабылдап жатқан шаралар және осы бағыттағы жұмыстың басқа да маңызды аспектілері туралы егжей-тегжейлі хабардар етті.
Өз кезегінде И.Йоханссон Еуроодақ Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін және тараптардың азаматтары арасындағы байланыстарды кеңейтуге ұмтылатынын мәлімдеді. Еурокомиссардың пікірінше, Қазақстан мен ЕО арасындағы стратегиялық әріптестіктің маңызды көрсеткіштерінің бірі тұрақты мәдени-гуманитарлық алмасуды қолдау.
Сындарлы көзқарасы үшін еуропалық тарапқа шын жүректен алғыс білдіре отырып, ҚР СІМ басшысы визалық режимді жеңілдету қазақстандықтардың үмітіне жауап беріп қана қоймай, ҚР мен ЕО арасындағы ынтымақтастықтың барлық кешенін дамытуға елеулі серпін беретінін атап өтті.
2017 жылдан бастап Қазақстан ЕО-ның барлық мемлекеттерінің азаматтары үшін іскерлік ынтымақтастықты, туризмді және адами байланыстарды дамыту үшін біржақты тәртіппен визасыз режим енгізді.
Визалық режимді жеңілдету қажетті құжаттар тізімін қысқартуды, визалардың ұзақтығы мен жиілігін арттыруды және т.б. қамтиды.
Облегчение визового режима для граждан РК
В рамках визита в Брюссель Заместитель Премьер-Министра-Министр иностранных дел Казахстана Мурат Нуртлеу встретился с европейским Комиссаром по внутренним делам Ильвой Йоханссон. По итогам состоявшихся переговоров стороны достигли договоренности о начале официальных консультаций об облегчении визового режима для граждан РК.
М. Нуртлеу подробно информировал собеседницу о визовой политике Казахстана, высоком человеческом капитале наших граждан и отсутствии миграционных рисков для Евросоюза со стороны РК, а также о мерах, предпринимаемых Правительством Казахстана, в борьбе с незаконной миграцией и других важных аспектах работы в этом направлении.
В свою очередь, И. Йоханссон заявила, что Евросоюз заинтересован в дальнейшем укреплении взаимовыгодного сотрудничества с Казахстаном и привержен расширению контактов между гражданами сторон. По мнению Еврокомиссара, одним из важных показателей стратегического партнерства между Казахстаном и ЕС представляется поддержание регулярного культурно-гуманитарного обмена.
Выразив искреннюю благодарность европейской стороне за конструктивный подход, глава МИД РК отметил, что облегчение визового режима для казахстанцев не только отвечает ожиданиям казахстанцев, но и придаст серьезный импульс развитию всего комплекса сотрудничества между РК и ЕС.
С 2017 года Казахстан ввел безвизовый режим для граждан всех государств ЕС в одностороннем порядке для развития делового сотрудничества, туризма и человеческих контактов.
Облегчение визового режима предполагает сокращение списка необходимых документов, увеличение длительности и кратности действия виз и так далее.
Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia