Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында Қазақстан-Германия орталығында «Казахстанское объединение немцев «Возрождение» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Естелік мәдениеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

«Казахстанское объединение немцев «Возрождение» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы Евгений Больгерт алғы сөз сөйлеп, ел тарихындағы осынау қиын кезеңге тоқталды.

Дөңгелек үстелге қазақстандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшылар, мемлекеттік органдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Жиын барысында қатысушылар ұлттық тарихи сананы одан әрі сақтау және тарату қажеттігін, тарихи жадыны жаңғырту мен болашақ ұрпаққа тәжірибені жеткізудің маңыздылығын
талқылады.

Сондай-ақ, іс-шара барысында келесі тақырыптар қозғалды: Көпмәдениетті қоғамдардағы есте сақтау мәдениеттерінің диалогы, Қазақстанға жер аударылған немістердің өмірбаянын зерттеудің маңызы, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту (қазақстандық немістердің мысалында): күту және тәжірибе. Сондай-ақ, неміс халқының жер аударылғанына 80 жыл толуына орай «Казахстанское объединение немцев «Возрождение» қоғамдық қоры жүргізген сауалнаманың қорытындысы жарияланды.

Конференция елордалық «Диамант» неміс жастары клубының мүшелері саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған қойылымымен аяқталды.

Читайте подробнее


Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia