Алматы қаласындағы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен «Мерзімді басылымдар – халық сауаттылығының қайнар көзі» тақырыбында өңірлік мерзімді баспасөз басылымдарының ІІ республикалық форумы өтті. Екі күндік форумға еліміздің аймақтарынан ақпарат саласын дамытуға үлес қосып жүрген 100-ге жуық медиа мамандар қатысты.

Форумға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қазбек Иса мен Ермұрат Бәпи, ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары Ержан Байтілес, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы Мейрлан Раханов қатысты.

Форумның бірінші отырысында сараптамалық материал жазудың стилі, қате қолданыстағы сөздер мен тіркестер, журналистік зерттеу тәсілдері, мерзімді басылымдардың беттелуі мен дизайны, суретке түсіру өнері талқыланды.

Екінші панельдік отырысы «Баспа басылымдарын танымал ету және тарату: аймақтық аспект» тақырыбына арналды. Жиынға «Халық үні» медиа-холдингінің директоры Ринат Кертаев модераторлық етті.

Үшінші панельдік отырысында сарапшылар «Салалық журналистика» мәселелерін ортаға салды. Форумының төртінші панельдік отырысы «Баспа басылымдарын жетілдіру: жаңа тәсілдер» тақырыбына арналды. Ұлттық дәстүрлі басылымдарды дамытудағы цифрлық технологиялардың рөлі, әлеуметтік платформаларды оқырман тарту мақсатында пайдалану, жасанды интеллект арқылы медиа жұмысын жеңілдету мәселелерін талқылаған жиынды ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары Ержан Байтілес жүргізді.

Өңірлік мерзімді басылымдар форумында Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы Мейірлан Раханов екі күнге созылған форум аясында басылым өкілдерінің көтерген мәселелері мен ұсыныстары бойынша хаттама толтырылып, алдағы уақытта жүзеге асырылуын министрлік тарапы бақылауға алатынын айтып өтті.

Форум соңында өңірлік мерзімді басылым қызметкерлері «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен және министрдің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь