ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында егін жинау науқанына қатысты өзекті мәселелер қаралды.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров биыл дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау алаңы 17,3 млн га құрағанын баяндады. Бұл ретте егін науқаны оңтайлы ауыл шаруашылығы жағдайында өткені, жазғы ауа-райы елдің басым бөлігінде қалыпты болғаны атап өтілді. Егін жинау алдында техниканың дайындығы 100%-ға қамтамасыз етіліп, жеңілдетілген ЖЖМ жөнелту белгіленген мерзімде басталды. Сонымен қатар негізгі астықты аймақтарда 3 аптадан астам уақытқа созылған жауын-шашын салдарынан жаңа өнім сапасының нашарлауы және астықтың өніп кетуіне, сондай-ақ жалпы дәнді дақылдар түсімінің төмен болуына әкелді.

Ауа-райының қолайсыздығынан зардап шеккен барлық өңірлерде бүкіл мүдделі органдар мен ұйымдарды қоса отырып, зардаптардың ауқымын анықтау үшін жұмыс комиссиялары құрылды. Бүгінде барлық зардап шеккен өңірлерге сапар жасалып, егін жинау жұмыстарының барысына талдау жүргізілді. Қазіргі уақытта барлық өңірлерде техникалар егіс алқабына жаппай шықты, орақ жұмыстары жалғасып жатыр. Премьер-Министр егін жинау науқанының барысы Үкіметтің тұрақты бақылауында екенін атап өтті. Ол еліміздің солтүстік өңірлеріндегі ауа-райының қолайсыздығына байланысты Мемлекет басшысы Үкіметке астық өндіретін фермерлер мен шаруа қожалықтарына қажетті көмек көрсетуді тапсырғанын еске салды.

Үкімет басшысы астық қабылдау пункттерімен және астықты кептірумен айналысатын кәсіпорындармен тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамасыз етуіін талап етті. Бұл ретте ол тарифтердің көтерілуіне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Премьер-Министр астықты кептіру үшін бір литрі 250 теңгеден аспайтын бағамен қосымша көлемде дизель отынын бөлуді қамтамасыз етуді, агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау үшін қосымша қаражат бөлу жұмыстарын жүргізуді, атап айтқанда, Биылғы азық-түліктік және жемдік астықты тікелей сатып алу үшін Азық-түлік корпорациясының жарғылық капиталын ұлғайту мәселесін пысықтауды тапсырды. Сонымен қатар ол астық таситын вагондармен уақтылы қамтамасыз етіп, теміржолдағы ұзын-сонар кезекті болдырмауды талап етті.

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia