2023 жылғы 24 қаңтарда Астана қаласында Мемлекет басшысы — Ассамблея Төрағасына Ассамблеяның ұсынысы бойынша ҚР Президенті тағайындайтын ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына бес кандидат бойынша ұсыныстар енгізу бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті.

Кеңес жұмысына Ассамблея Кеңесінің мүшелері, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, этномәдени бірлестіктердің, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның, жастардың өкілдері қатысты.

ҚХА Кеңесінің қатысушылары өз сөздерінде ҚР Президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 104 Жарлығы («Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы») жарияланып, ҚР Парламенті Мәжілісіне жаңа сайлауды тағайындаумен Қазақстан Республикасы Конституциясының Қазақстан Президенті болып Сенаттың он депутатын тағайындау туралы нормасы күшіне енетінін, оның бесеуі — Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша тағайындалатынын атап өтті.

Осыған орай, Қазақстан халқы Ассамблеясы шеңберінде өңірлік және республикалық деңгейде республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің басшыларымен, ҚХА қоғамдық құрылымдарымен, заңгерлермен Мемлекет басшысына сенаторлыққа кандидаттар бойынша ұсыныстар қалыптастыру бойынша кең консультациялар өтті.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» ҚР Заңының 14-бабы 7-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, Ассамблеяның ұсынысы бойынша ҚР Президенті тағайындайтын Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну бойынша ұсыныстар әзірлеуге облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеялары құқылы екендігі атап өтілді.

Бұл ұсыныстар Ассамблея Кеңесіне жіберіледі.

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі Ассамблеяның ұсынысы бойынша ҚР Президенті тағайындайтын Парламент Сенатының депутаттығына бірқатар кандидаттарды ұсыну бойынша өңірлік ассамблеялардың енгізген ұсыныстарын қарады.

Атап айтқанда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ассамблеялары 1984 жылы туған, неміс, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі – Евгений Андреевич Больгерттің; 1969 жылы туған, ұйғыр, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі – Закиржан Пирмухамедович Кузиевтің; 1968 жылы туған, татар, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі – Нұрия Исмагиловна Ниязованың; 1984 жылы туған, өзбек, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі – Әлішер Гапиржанұлы Сатвалдиевтің; 1989 жылы туған, орыс, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі – Геннадий Геннадьевич Шиповскийдің кандидаттарын ұсынды.

Жан-жақты талқылаудан кейін Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің шешімімен аталған кандидатураларды Кеңес қолдап, Мемлекет басшысына –Ассамблея Төрағасына ұсынды.

Жалпы, ҚХА Кеңесі Мемлекет басшысының 2022 жылғы наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында бастамашылық еткен саяси реформалар бағдарламасын іс жүзінде іске асырудағы маңызды қадам болды.

Барлық құқықтар қорғалған. ASSEMBLY.KZ белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://assembly.kz/news/aza-stan-khal-y-assambleyasynan-r-parlamenti-senatyny-deputattary-saylandy/

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia