Евгений Больгерт, депутат Курултая Республики Казахстан:

Сегодня в Астане состоялось первое заседание «Халық Кенесі» — Народного совета Казахстана. Это действительно важное событие в общественной и политической жизни страны. С принятием новой Конституции был сформирован новый институт с особым статусом и конституционными полномочиями, призванный стать одной из ключевых площадок для диалога между обществом и государством.

Особенность «Халық Кенесі» заключается и в принципах его формирования. В его состав входят представители этнокультурных объединений, гражданского общества и неправительственного сектора, а также региональных общественных советов и маслихатов. Такой подход позволяет представить широкий спектр общественных интересов — различные регионы, профессиональные и возрастные группы.

При этом принципиально важно, чтобы «Халық Кенесі» оставался небюрократической и открытой площадкой. Здесь не должно быть места популизму. Основой работы должны стать грамотные предложения, содержательная дискуссия и конкретные решения по вопросам, которые действительно волнуют общество. В этом плане важен опыт Национального курултая. Мы уже видели примеры инициатив, которые после общественного обсуждения получили законодательное продолжение. Подобный механизм взаимодействия общества и государства должен развиваться и в рамках нового института.

Отдельное значение имеет участие регионов. После трансформации парламентской системы особенно важно обеспечить возможность для региональной повестки быть услышанной на государственном уровне. Через участие маслихатов и общественных советов «Халық Кенесі» может стать тем связующим механизмом, который позволит поднимать значимые для регионов вопросы на общенациональный уровень.

Большое внимание в выступлении Главы государства было уделено и дальнейшей роли этнокультурных объединений. Для нас это особенно важно. Этнокультурные объединения, как подчеркнул Глава государства, являются своеобразными «караванами дружбы», связывающими Казахстан с другими странами. Сегодня эти связи выходят далеко за рамки культурного и гуманитарного сотрудничества и включают экономические и общественные контакты. При этом сохраняется вся необходимая инфраструктура — Дома дружбы, общественные структуры, советы аксакалов и матерей, благотворительные и волонтёрские инициативы.

Особенно показателен в этом отношении опыт помощи во время масштабных паводков. Представители этнокультурных объединений одними из первых пришли на помощь пострадавшим, оказывая гуманитарную поддержку и работая непосредственно на местах. Это важный пример того, как граждане Казахстана независимо от национальности объединяются перед лицом общей беды. Такой опыт действительно заслуживает сохранения в общественной памяти.

Важной темой первой сессии стали также вопросы законности и порядка, концепция «Таза Қазақстан», бережное отношение к природе, историческим памятникам и общественному пространству. Всё это напрямую связано с формированием культуры ответственности и гражданского поведения.

Особое внимание необходимо уделять молодёжи. Нам важно создавать условия, при которых дети и молодые люди смогут не только получать образование, но и заниматься спортом, развивать современные навыки, читать, посещать библиотеки и различные кружки и секции. Это задача не одного института. Здесь должны взаимодействовать государственные органы, местные власти, «Халық Кенесі», Курултай и общественные организации.

При этом важно чётко понимать различие между полномочиями «Халық Кенесі» и Курултая. «Халық Кенесі» — это прежде всего общественная площадка, где могут формироваться и обсуждаться инициативы, способные получить законодательное развитие. А непосредственно принятие законов, утверждение бюджета и парламентский контроль относятся к компетенции Курултая.

Поэтому здесь важно не дублирование функций, а эффективное взаимодействие двух институтов. Один из них обеспечивает общественный диалог и выработку предложений, другой — осуществляет полноценный законодательный процесс в рамках своих конституционных полномочий.

Уверен, что с формированием руководящих и организационных структур, созданием комитетов и отраслевых комиссий работа «Халық Кенесі» станет более системной. Важно, чтобы эта работа была открытой для общества, а предложения, которые будут рождаться в ходе дискуссий, находили дальнейшее движение — в государственных органах, общественных советах и, при необходимости, в Курултае.

Именно в этом я вижу главный потенциал нового института — в возможности вести содержательный диалог, слышать друг друга и совместно вырабатывать решения по вопросам, которые имеют значение для страны и её граждан.

Халық Кенесі: диалог пен нақты шешімдер алаңы

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты Евгений Больгерт:

Бүгін Астанада Қазақстанның Халық кеңесі – «Халық Кенесі» алғашқы отырысы өтті. Бұл еліміздің қоғамдық және саяси өміріндегі шын мәніндегі маңызды оқиға. Жаңа Конституцияның қабылдануымен ерекше мәртебесі мен конституциялық өкілеттіктері бар жаңа институт құрылды. Ол қоғам мен мемлекет арасындағы диалог үшін негізгі алаңдардың біріне айналуы тиіс.

«Халық Кенесінің» ерекшелігі оның қалыптастырылу қағидаттарынан да көрінеді. Оның құрамына этномәдени бірлестіктердің, азаматтық қоғам мен үкіметтік емес сектордың өкілдері, сондай-ақ өңірлік қоғамдық кеңестер мен мәслихаттар кіреді. Мұндай тәсіл қоғамдық мүдделердің кең ауқымын – түрлі өңірлерді, кәсіби және жас ерекшеліктеріне қарай топтарды қамтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар «Халық Кенесінің» бюрократиялық емес әрі ашық алаң болып қалуы аса маңызды. Мұнда популизмге орын болмауы керек. Жұмыстың негізін сауатты ұсыныстар, мазмұнды пікірталас және қоғамды шын мәнінде толғандыратын мәселелер бойынша нақты шешімдер құрауы тиіс. Бұл тұрғыда Ұлттық Құрылтайдың тәжірибесі маңызды. Біз қоғамдық талқылаудан кейін заңнамалық жалғасын тапқан бастамалардың мысалдарын көрдік. Қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылының осындай тетігі жаңа институт аясында да дамуы қажет.

Өңірлердің қатысуы да айрықша маңызға ие. Парламенттік жүйе трансформацияланғаннан кейін өңірлік күн тәртібінің мемлекеттік деңгейде естілу мүмкіндігін қамтамасыз ету аса маңызды. Мәслихаттар мен қоғамдық кеңестердің қатысуы арқылы «Халық Кенесі» өңірлер үшін маңызды мәселелерді жалпыұлттық деңгейге шығаруға мүмкіндік беретін байланыстырушы тетікке айнала алады.

Мемлекет басшысының сөзінде этномәдени бірлестіктердің алдағы рөліне де үлкен көңіл бөлінді. Бұл біз үшін ерекше маңызды. Мемлекет басшысы атап өткендей, этномәдени бірлестіктер Қазақстанды басқа елдермен байланыстыратын өзіндік «достық керуендері» болып табылады. Бүгінде бұл байланыстар мәдени және гуманитарлық ынтымақтастық шеңберінен әлдеқайда асып, экономикалық және қоғамдық байланыстарды да қамтиды. Сонымен қатар барлық қажетті инфрақұрылым – Достық үйлері, қоғамдық құрылымдар, ақсақалдар мен аналар кеңестері, қайырымдылық және волонтерлік бастамалар сақталып отыр.

Бұл тұрғыда ауқымды су тасқыны кезінде көрсетілген көмектің тәжірибесі ерекше маңызды. Этномәдени бірлестіктердің өкілдері зардап шеккендерге алғашқылардың бірі болып көмекке келіп, гуманитарлық қолдау көрсетті және оқиға орындарында тікелей жұмыс істеді. Бұл – Қазақстан азаматтарының ұлтына қарамастан, ортақ қиындық алдында біріге алатынының маңызды мысалы. Мұндай тәжірибе қоғамдық жадта сақталуға лайық.

Бірінші сессияның маңызды тақырыпарының қатарында заңдылық пен тәртіп мәселелері, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы, табиғатқа, тарихи ескерткіштер мен қоғамдық кеңістікке ұқыпты қарау мәселелері де болды. Мұның бәрі жауапкершілік пен азаматтық мінез-құлық мәдениетін қалыптастырумен тікелей байланысты.

Жастарға ерекше көңіл бөлу қажет. Балалар мен жастардың тек білім алып қана қоймай, спортпен айналысуына, заманауи дағдыларды дамытуына, кітап оқуына, кітапханалар мен түрлі үйірмелерге және секцияларға баруына жағдай жасау біз үшін маңызды. Бұл бір ғана институттың міндеті емес. Мұнда мемлекеттік органдар, жергілікті билік, «Халық Кенесі», Құрылтай және қоғамдық ұйымдар өзара іс-қимыл жасауы тиіс.

Сонымен қатар «Халық Кенесі» мен Құрылтайдың өкілеттіктері арасындағы айырмашылықты нақты түсіну маңызды. «Халық Кенесі» – ең алдымен бастамалар қалыптасып, талқыланатын қоғамдық алаң. Мұндай бастамалар кейін заңнамалық тұрғыда дамуы мүмкін. Ал заңдарды тікелей қабылдау, бюджетті бекіту және парламенттік бақылау Құрылтайдың құзыретіне жатады.

Сондықтан бұл жерде функцияларды қайталау емес, екі институттың тиімді өзара іс-қимылы маңызды. Олардың бірі қоғамдық диалог пен ұсыныстар әзірлеуді қамтамасыз етсе, екіншісі өзінің конституциялық өкілеттіктері шеңберінде толыққанды заң шығару процесін жүзеге асырады.

Басқару және ұйымдастыру құрылымдары қалыптасып, комитеттер мен салалық комиссиялар құрылғаннан кейін «Халық Кенесінің» жұмысы жүйелі сипатқа ие болады деп сенемін. Бұл жұмыстың қоғам үшін ашық болуы маңызды, ал пікірталастар барысында туындайтын ұсыныстар одан әрі – мемлекеттік органдарда, қоғамдық кеңестерде және қажет болған жағдайда Құрылтайда жалғасын табуы тиіс.

Мен жаңа институттың басты әлеуетін дәл осыдан көремін – мазмұнды диалог жүргізу, бір-бірімізді тыңдау және ел мен оның азаматтары үшін маңызды мәселелер бойынша шешімдерді бірлесіп әзірлеу мүмкіндігінен.

DAZ

Қазақ тіліне аударған: Руслан Мусиреп.

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь