«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын халыққа түсіндіру аясында Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаттары жазғы маусымда өңірлерге сапарға шығуда. Сенатор Евгений Больгерт Солтүстік Қазақстан облысында болды. Сапар барысында ол Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің жетекшілерімен және «Жомарт Жан» облыстық орталығының өкілдерімен кездесті. Қалалық Достық үйінде сенатор Ассамблея жүзеге асырып жатқан жобаларға тоқталып, әсіресе, қазақстандықтардың су тасқыны кезінде көрсеткен бірлігі мен төзімділігін ерекше атап өтті. ҚХА мүшелері табиғи апатпен күреске алғашқылардың бірі болып қосылды – Достық үйлерінде Қазақстанның түкпір-түкпірінде еріктілер орталықтары мен гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ашылды.

Талқылау барысында қатысушылар қазақ тілін кеңінен насихаттау, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін көтерді.

Евгений Больгерт Солтүстік Қазақстан облысындағы ең көне оқу орындарының бірі –  Б. Әшімов атыңдағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінде де болды. Ол Қазақстанның теміржол көлігі, машина жасау және энергетика салаларына мамандарды сапалы дайындайтын оқу орнының қызметімен танысты. Оның көптеген түлектері бизнес-менеджерлер мен өндірістің жаңашылдары болды.

Депутат Кәсіпкерлер палатасы мен „Qyzyljar“ арнайы экономикалық аймағын аралау барысында азаматтармен аймақтың экономикалық даму мәселелерін талқылады.

Сапар соңында Евгений Больгерт Петропавл қаласының Бірлік шағын ауданында жаңа үйлер салынған су тасқынынан зардап шеккен отбасыларды аралады. Жаңа баспана кілтінің бақытты иелерімен әңгімелескен депутат қолдау мәселелеріне тоқталып, табиғи апат кезіндегі ерліктері үшін облыс тұрғындарына алғысын білдірді.

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia