TikTok Қазақстанның барлық түкпір-түкпіріндегі өз қолданушыларын көктемнің бастауы – Наурыз мерекесін кеңінен атап өтуге шақырады. Арнайы #Наурыз2024 хештегі арқылы қазақстандықтар онлайн-фестивальге қосылып, мерекенің ең тамаша сәттерімен бөлісе алады. Сондай-ақ ең үздік бейнебаяндардың авторлары бағалы сыйлықтарға ие болады.

Фестивальге Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрлігі мен Kazakh Tourism Ұлттық компаниясы қолдау көрсетіп.

TikTok Қазақстанның ұлттық мәдениетіне үлкен көңіл бөле отырып, адамдарды өз шығармашылығымен бөлісуге, ұлттық дәстүрлерге қызығушылық танытуға шабыттандырады. Платформа қазақстандықтарға Наурыз мерекесін жақындарымен ғана емес, сонымен қатар платформаның орасан аудиториясымен бірге мерекелік көңіл-күймен бөлісуге мүмкіндік береді. Ал өткен жылы қолданушылар Наурыз мерекесіне орай 16 мыңдай бейнебаяндар түсіріп: сүйікті тағамдарының мәзірлерімен бөлісіп, елдің әр шалғайындағы мейрамдардан репортаждар жүргізіп, халықтық думанды көрсетіп, мерекенің тарихы мен оның әдет-ғұрыптары туралы әңгімелеп, дәстүрлі киімдердің көркемдігін паш етіп, платформаны ұлттық музыкамен толлтырған болатын.

Сондай-ақ фестивальге платформаның танымал креаторлары қосылмақ: мысалы, Қазақстан қалаларының мәдениеті мен тарихы туралы танымдық мазмұнның авторы Митя Байназаров @mbainazarov Наурыз шежіресі туралы бейнебаян жазса, ал домбырашы Белес @dombrart баршаға кеңінен танымал болған әндердің туу тарихын баяндайды.

– #Наурыз2024 жобасы Қазақстанның мәдениетін жаһандық тұрғыда ілгерілетуде маңызы өте зор. TikTok-тың миллиондаған қолданушылары қазақ халқының ғажайып мәдениеті, әдет-ғұрыптарымен, салт-дәстүрлерімен таныса алады. Біз де осы жобаның арқасында бүкіл елдегі отандастарымыз сүйікті мейрамдарын бұрынғыдан ауқымды атап өтетіндіктері үшін қуаныштымыз, – деп атап өтті Евгений Кочетов, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі.

#Наурыз2024 жобасының қорытындысы, үздік видеороликтер мен жеңімпаздардың есімі 22 сәуірде жария болады.

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia