Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орай 2016 жылдан бері дәстүрлі түрде Қазақстанда 1 наурыз – Алғыс айту күні ретінде аталып өтуде.

«Қоғамдық келісім» РММ баспасөз қызметінің хабарламасы бойынша осы күнге орай еліміздің барлық өңірлерінде «Алғыс айтамын» акциясы ұйымдастырылды.

Акция Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен, «Ассамблея жастары» РҚБ жастар ұйымдары және этномәдени бірлестіктердің қолдауымен ұйымдастырылып, әлеуметтік желілерде кеңінен таралды.

Акция аясында ұйымдастырушылар қолдарына сүттен жасалған ұлттық тағам құртты алып, оны қала тұрғындарына жұдырықтарын соғу арқылы ұсынды. Тұрғындар жағы жауап ретінде қайта жұдырықпен соғысып, ұсынылған құртты қабылдап алу қажет. Бұл ретте акцияға қатысушыларға айтулы күнге арнап кімге алғыс білдіргілері келетіні туралы сұрақ қойылды. Яғни олар өз тарапынан әр түрлі адамдарға алғыс білдіре алды.

«Акцияның мақсаты – жас ұрпақтың бойында толеранттылық, достық және бір-біріне деген құрмет сезімдерін қалыптастыру. Алғыс айту күні — қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын күні. Жуырда орын алған оқиғалар аясында акция мүлдем жаңа мәнге ие болды. Осылайша, біз ортақ күш-жігердің арқасында Қазақстанда орнаған бейбітшілік пен қоғамдық келісімді сақтау және бағалау қаншалықты маңызды екенін көрсеткіміз келді», – деп атап өтті акция ұйымдастырушылары.

Орналастырылған бейне сілтемелер:
https://www.instagram.com/tv/CaY-Nz3gWyY/?utm_source=ig_web_copy_link
https://www.facebook.com/u.abishev/posts/1569780253406600
https://www.instagram.com/reel/CaVCI4ngulh9ckYAruLB1_VYYV3DIloeNO_8200/
https://www.facebook.com/100077393003737/videos/pcb.124133106843122/214086877550652
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=3328451920808944&id=100009325052840
https://www.facebook.com/kogamdyk.kelisim.sko/videos/465327905268537/
https://www.instagram.com/tv/CacI-QTPw2D/?utm_source=ig_web_copy_link

Айта кетейік, құрт – көшпелі түркі халықтарының ұлттық тағамы. 1990 жылы «Отанын сатқандар» әйелдеріне арналған Ақмола лагерінің» бұрынғы тұтқындарының бірі Гертруд Платайс «АЛЖИР» мұражайының қызметкерлеріне жергілікті қазақтардың қамаудағы әйелдерге аштықтан құтылуға қалай көмектескені, оларға тастан ақ домалақ түрінде кептірілген құрт тастағаны туралы әңгімелеп берді. Бұл оқиға ақын Раиса Голубеваны қазақ халқына алғыс ретінде «Құрт – қымбат тас» («Курт – драгоценный камень») деген өлеңге шабыттандырды.

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia