ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру барысы қаралды.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың мәлімдеуінше, 2021 жылы ұлттық жоба аясында 48,8 мың жобаға мемлекеттік қолдау көрсетілді, қызмет көрсету және өңдеу өнеркәсібі салаларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 984 жобаға гранттар берілді. Бұдан басқа, 33,4 мың адам кәсіпкерлік негіздерін оқыды және 169 мыңнан астам ШОБ субъектілері бизнес ашу және оны жүргізу бойынша консультациялық қызметтер алды.

Жыл қорытындысы бойынша ұлттық жобаның іс-шараларын іске асыру арқасында 320 мың жаңа жұмыс орны құрылды (жоспар – 196 мың), 814 мың адамды жұмысқа орналастыруға көмек көрсетілді (жоспар – 700 мың).

Сонымен қатар табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен нашар ауыл халқының үлесі төмендеді, ШОБ-тың ЖІӨ-ге үлесі өсті, ал экономикадағы мемлекеттік сектордың үлесі 14,5%-ға дейін төмендеді.

Осы мәселе бойынша «Атамекен» ҰКП төралқасының төрағасы Райымбек Баталов, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов, сондай-ақ Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Саттыбаев баяндама жасады.

Премьер-Министр Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шағын бизнесті сапалы дамытуға және орта бизнесті нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар Үкімет басшысы Үкіметтің «Атамекен» палатасымен бірлесіп, кәсіпкерлік қызмет саласына жаңа реттеу саясатын енгізу бойынша ауқымды жұмыс атқарып жатқанын еске салды. Атап айтқанда, адами факторлардың әсерін барынша азайту үшін мемлекеттік бақылауда тәуекелдерді басқару және бағалау жүйесін автоматтандыру бойынша кешенді шаралар қабылдануда. Оның айтуынша, биыл шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 33,5%-ға жетті. Кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 1,4 млн. Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 3,5 млн адамды құрап отыр.

Бұл ұлттық жобаның көрсеткіштеріне сапалы және уақытылы қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін Премьер-Министр бизнеске арналған қарсы міндеттемелерді ескере отырып, ұлттық жобаның барлық бағыттары бойынша мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыруды тапсырды.

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia