Маңызды мемлекеттік мереке – Республика күні қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясы «Караван милосердия» республикалық форумы мен мерекелік концерт ұйымдастырып, оның аясында меценаттар мен еріктілерге ҚХА «Жомарт Жан» құрмет белгісін табыс етті. Біреудің бақытсыздығынан ешқашан қалыс қалмай, мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге тырысатындар.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған шараға ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Қазақстан Республикасы Галым Шойкин, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты.

Маңызды құндылықтарды насихаттау

Қайырымдылық көптен бері көмек жинауды жариялап, еріктілерді жіберетін Қазақстан халқы Ассамблеясының басты белгісі болып табылады. Ал бұл жұмыстың ауқымы өте зор, тек 2024 жылдың өзінде көмектің жалпы көлемі бір миллиард 300 миллион теңгені құрады. Осылайша елге орасан зор шығын әкелген су тасқыны кезінде Ассамблея мүшелері мен оның басшылығы бірден су тасқынына қарсы шараларға қосылды. «Караван милосердия» жобасы адамгершілік пен ізгілік сияқты маңызды құндылықтарды насихаттайды, қоғамдағы келісім мен бірлікті нығайтуда маңызды рөл атқарады, деп бастады сөзін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов:

– Халқымыздың бірлігі – тұрақтылықтың негізі, ал мейірім осы тұғырларды одан әрі нығайтуға септігін тигізеді. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде және біздің қоғам алдында тұрған жаңа сын-қатерлер кез келген қиындықты бірге ғана жеңе аламыз. Ал Ассамблеяның «Жүректен жүрекке», «Мектепке жол», «Қамқор» сынды жобалары бізді ортақ мақсат қана емес, бір-бірімізге, елге, халыққа деген терең жауапкершілік біріктіретінін айқын көрсетеді.

Бейтаныс адамдар жоқ…

«Жүректен жүрекке» акциясы аясында Ассамблеяның қоғамдық құрылымдары мен этномәдени бірлестіктері су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге құны 800 миллион теңгеден асатын 1 700 тонна түрлі өнімдер, дәрі-дәрмек, ең қажетті тауарлар
жөнелтілді.

Ал «Мектепке жол» акциясының арқасында алты жарым мың бала мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен киім-кешектерге ие болды, бұл бөтеннің баласы жоқ екенін тағы бір дәлелдеді. Көмектің жалпы сомасы 260 млн теңгені құрады.

Бұл жобалардың барлығы тек материалдық қолдау емес, олардың әрқайсысының артында біреудің тағдыры тұр, ал жақсылықты санмен өлшеуге болмайды. Бұл бірлігіміз бен ынтымағымызға қосылған үлес. Қиын жағдайға тап болғандар үшін де жақсылық – үміт. Тіпті ең қарапайым көмектің өзі жақсы болашаққа деген сенімді нығайтудағы маңызды қадам болуы мүмкін.

Форумдағы әсерлі сәт – ерекше балаларды қамтитын шығармашылық топтардың өнер көрсетуі. Олардың ынта-жігері мен көңілділігі жиналғандардың жүрегінде қалары сөзсіз.

Олеся Клименко. Аударған: Руслан Мүсіреп.

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia