Депутаттың жұмысы – ең алдымен, бүкіл қазақстандық қоғам алдындағы үлкен жауапкершілік. Мен әрдайым халық игілігі мақсатында жұмыс істеу үшін барлық әлеуметтік топтардың мүдделерін ескеру, олардың қажеттіліктері мен мәселелерін түсіну, ең бастысы – ашық болып, өзгерістерге дайын болу маңызды екенін сезіндім. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаты болу – бұл елімізде тұратын түрлі этностық және мәдени топтардың мүдделерін де білдіру деген сөз.

Қазақстан – көпэтносты мемлекет, әр этностың өзіндік бай және қайталанбас дәстүрі, тілі және мәдениеті бар. Сенаттағы жұмысымның негізгі бағыттарының бірі – этносаралық келісімді нығайту және мультимәдениет саясатын қолдау болып
табылады.

Менің депутат ретіндегі міндетім – этностық топтардың нақты мәселелеріне қатысты заң жобаларымен жұмыс істеу ғана емес, сонымен қатар әрбір этностық топ өз пікірінің маңызды екенін, оның біртұтас ұлттың ажырамас бөлігі екенін сезінетін диалог алаңын қалыптастыру. Олардың мәселелері мен қажеттіліктері заңнамалық бастамаларда ескерілуі тиіс.

Мен «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының белсенді мүшесімін. Бұл – депутаттардың ерікті бірлестігі, оның мақсаты – елдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуді үйлестіру. Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп, біз «Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» атты қоғамдық жобаны іске қостық. Бұл жоба этномәдени бірлестіктердің, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасының Парламентімен, барлық деңгейдегі мәслихаттармен өзара іс-қимылын күшейтуге бағытталған.

Депутаттық қызметім басталғалы бері мен түрлі салаларды қамтитын 18-ден астам депутаттық сауал жолдадым. Алда әлі де қыруар жұмыс бар. Егер де біздер бір-бірімізді құрметтей отырып, бірлік идеясын қолдасақ, бұдан да үлкен жетістіктерге жете алатынымызға сенімдімін.

Қазақстан халқы Ассамблеясы әрдайым еліміздің саяси жүйесіндегі маңызды институт болып келді. Осы орайда Қазақстан халқы Ассамлеясының мүдделерін Сенатта білдіру сенімі маған жүктелгеніне мақтанамын. Ассамблеяның мерейтойлық жылында барлық қазақстандықтарға табыс, денсаулық және еліміздің гүлденуін тілеймін!

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь