Сенатор Евгений Больгерт өзінің депутаттық сауалында арбитраж саласындағы жүйелі мәселелер мен азаматтардың құқықтарының бұзылу қауіптері туралы айтты. Оның айтуынша, арбитраж институты дауларды баламалы шешудің және соттарға түсетін жүктемені азайтудың тиімді құралы ретінде құрылған болатын, алайда іс жүзінде бұл механизм азаматтар мен адал бизнестің мүдделеріне нұқсан келтіру үшін жиі қолданылуда.

Сенатор келтірген мәліметтерге сәйкес, тек 2023-2025 жылдардың өзінде соттарға арбитраж шешімдерінің күшін жою туралы 2 800-ден астам өтінішхат түскен. Құқық қолдану тәжірибесіне жасалған талдау осы саладағы теріс пайдалану фактілерінің тым көп екенін көрсетіп отыр.

«Азаматтарға типтік қосылу шарттары арқылы арбитраждық ескертпелер таңылады, ал шешімдерді заңгерлік білімі жоқ, тіпті бұрын сотты болған аффилирленген «қолбала» арбитрлер шығарады. Мұндай шешімдер жиі жағдайда сырттай, тараптарға тиісті хабарлама берілмей немесе бейтарап емес арбитрлерге берілген қарсылықтарды тікелей қабылдамау арқылы қабылданады. Бұл, мысалы, негізгі қарыздан бірнеше есе асып түсетін сомаларды өндіріп алуға және ол туралы тек атқарушылық іс жүргізу сатысында ғана білуге жағдай туғызып отыр», — деп атап өтті Евгений Больгерт.

Сонымен қатар, 2024 жылы несие бойынша дауларды арбитражда қарауға тыйым салынғанына қарамастан, сенатор азаматтардың басқа салаларда, соның ішінде риэлторлық қызметтер мен үлестік құрылыс саласында осал болып қала беретінін баса айтты. Бұл салаларда шарттың «әлсіз» тарапы коммерциялық арбитражда өз құқықтарын қорғау үшін объективті түрде ресурстарға ие емес.

«Арбитрлерге қосымша біліктілік талаптарын енгізуді, кәсіби жауапкершілікті міндетті сақтандыру институтын енгізудің орындылығын қарастыруды, сондай-ақ тараптарға мемлекеттік сотқа жүгіну құқығын бере отырып, арбитрлерге қарсылық білдіру (отвод) институтын күшейтуді ұсынамын. Сонымен қатар, азаматтарды адастыратын атауларды қолдану мүмкіндігін жоққа шығаратын заңнамалық талаптарды бекіту қажет», — деп түйіндеді сенатор.

Злоупотребления в арбитраже: сенатор Евгений Больгерт предлагает усилить государственное регулирование

О системных проблемах в сфере арбитража и рисках нарушений прав граждан в своём депутатском запросе рассказал сенатор Евгений Больгерт. По его словам, институт арбитража создавался как эффективный инструмент альтернативного разрешения споров и снижения нагрузки на суды, однако на практике всё чаще механизм используется в ущерб интересам граждан и добросовестного бизнеса.

Сенатор привёл данные, согласно которым только за 2023-2025 годы в суды поступило более 2 800 ходатайств об отмене арбитражных решений. Анализ правоприменительной практики изобилует фактами злоупотребления.

«Гражданам навязываются арбитражные оговорки через типовые договоры присоединения, решения выносятся аффилированными карманными арбитрами, часто не имеющими юридического образования или даже ранее судимыми. Эти решения принимаются подчас заочно, без надлежащего уведомления сторон или с прямым отказом в отводе предвзятых арбитров, что позволяет, к примеру, взыскивать суммы, в разы превышающие основной долг и узнавать о них лишь на стадии исполнительного производства», — отметил Евгений Больгерт.

При этом, несмотря на введённый в 2024 году запрет на рассмотрение в арбитраже споров по кредитам, сенатор подчеркнул, что граждане продолжают оставаться уязвимыми в других сферах, в том числе в риэлторских услугах и долевом строительстве, где «слабая» сторона договора объективно не располагает ресурсами для защиты своих прав в коммерческом арбитраже.

«Предлагаю ввести дополнительные квалификационные требования, рассмотреть целесообразность введения института обязательного страхования профессиональной ответственности, а также усилить институт отвода арбитров, предоставив сторонам право обращаться в государственный суд. Закрепить законодательные требования, исключающие возможность использования вводящих в заблуждения наименования», — заключил сенатор.

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь