Қысқы спорт түрлерінен 2022 жылдың үздік спортшысы Александр Герлицке «Авангард немцев Казахстана» сыйлығы табыс етілді.

Солтүстік Қазақстандық «Возрождение» немістер қоғамында көптен күткен кездесу өтті. Көптеген істер мен қарбалас спорттық кестеден қол үзген Александр Герлиц, парабиатлоннан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері және шаңғы спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Бейжіңдегі 2022 жылғы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлемнің Швециядағы парабиатлон бойынша кубок қола жүлдегері, республикалық және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы, «Құрмет» орденінің иегері петропавлдық немістерге қонаққа келді.

– Өткен жексенбіде немістің «Норд» жастар клубының жігіттері Александр Герлицпен кездесу өткізді. 2022 жылғы Паралимпиада ойындарында парабиатлоннан еліміз үшін бірінші болып қола жүлдегер атанған жерлесіміз алға қойған мақсатқа жетуге, жаңа белестерді бағындыруға табандылық, ерік-жігер, батылдық, сенімділік, талант пен еңбек көмектесетінін өз үлгісімен дәлелдеді, – деді Анастасия Клинина, «Норд» ҰҚК жобасының менеджері. – Спортшының кәсіпқой сандықшасында жеңістері аз емес: соңғы жеңістердің бірі – Жапонияда (Саппоро) шаңғымен жүгіруден Азия кубогында бірінші орын және АҚШ-та өткен әлем кубогының финалдық кезеңінде қола медаль жеңіп алды. Біздің клуб мүшелері жарысқа дайындықтың қаншалықты күш пен уақыт кететінін білуге, жаттығудың қиындықтарын талқылауға және спортшы болу жолы туралы естуге тамаша мүмкіндік алды.

Пара-шаңғышы Александр Герлиц 1989 жылы Көкшетау облысы Горький ауылында дүниеге келген. Әкесі, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Александр Александрович баласының бойына бала кезінен спортқа деген сүйіспеншілікті оятуға тырысқан. 2014 жылы Александр шаңғымен кәсіби түрде айналысып, төрт жылдан кейін Кореяда өткен
XII Паралимпиада ойындарында жиырма шақырымдық шаңғы марафонында төртінші орын алды. Бейжіңде өткен XIII қысқы Паралимпиадада өнер көрсету нәтижесі бойынша Александр Герлиц парашаңғы спортынан әлемнің үздік бес спортшысының қатарына енді.

– Жігіттердің әрқайсысы Александрдың спорттық марапаттарын қуанышпен және үреймен ұстады. Ол көп жетістіктерге жетті, бірақ бұдан да көп жетістіктер – біз бұған сенімдіміз – оны алда күтіп тұр, – деді Анастасия Клинина. – Біздің облыстық қоғам «Авангард немцев Казахстана-2022» сыйлығын жеңіп алғаны үшін марапатты жеке тапсыруға тамаша мүмкіндік алды. Әйгілі парашаңғышы оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарда көп уақыт өткізеді – ол сирек босады. Сондықтан бәріміз үшін Александр Герлицтің кездесуге арнаған уақыты өте құнды. Оған жарқын және жақсы спорттық сәттерді, жаңа үлкен табыстар мен берік жетістіктер тілейміз!

Марина Ангальдт

қазақша аудармасын дайындаған Мүсіреп Руслан

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia