Бүгінде кітапханада қызықты көріністі байқауға болады: бала ертегі оқып отыр да, бір сағаттан кейін сол ертегінің жалғасын жаза бастайды. Көп жағдайда балаға кітапты жай ғана оқу жеткіліксіз. Ол оны талқылағысы келеді, жалғастырғысы келеді, өз мәтініне айналдырғысы келеді.
Кітапхана барған сайын балалар өздерін жазуда сынап көретін орынға айналып келеді. Әдеби шеберханалар, сторителлинг үйірмелері, авторлармен кездесулер – мұның бәрі оқу кеңістігін мәтін кеңістігіне айналдырады.
Мысалы, әдеби шеберхана сабақтарында жас оқырмандар алдымен кейіпкерлер туралы пікірталас жүргізіп, кейін өз нұсқаларын жаза бастайды. Көптеген болашақ жазушылар бала кезінде кітапханаларда «жоғалып кеткендей» болатын. Соның классикалық мысалы – Рэй Брэдбери, ол кітапхана оған университеттегі білімнің орнын басып, әлем әдебиетімен танысуға мүмкіндік берді деп есептеген.
Қазіргі таңда балалар шығармашылығының қызықты бағыттарының бірі – қазақ мәдениетін қайта пайымдау. Мысалы, Қостанай облыстық І. Алтынсарин атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында әдеби шеберлікке арналған жобалар тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Ең ерекше жобалардың бірі – «Аяқталмаған ертегі» атты қазақ халық ертегілері бойынша фанфиктер байқауы болды. Қатысушыларға белгілі оқиғалардың жалғасын жазу ұсынылды. Жұмыстар қазақ және орыс тілдерінде қабылданды. Бұл мәтіндерде таныс кейіпкерлер мүлде жаңа жағдайларға тап болды. Ертегілердің жаңа нұсқаларында заманауи кейіпкерлер де пайда болды. Мысалы, Алдар-Көсенің қарсыласы ретінде жалған «Цифрлық академияның» авторы – Цифрлық Бай шықса, тағы бір кейіпкер – «назар аударғың келсе, хаос жаса» қағидасымен өмір сүретін пранкер Аруақ-Лайк болды.
Осындай мәтіндер халық ертегісінің тек музейлік экспонат емес екенін көрсетеді. Ол тек мектептегі мазмұндама ретінде ғана өмір сүрсе, бағдарлама шеңберінде қалып қояды. Ал бала сюжетті қайта жазған сәтте, ертегі қайта тіріліп, заманауи оқиғаға айналады. Халықтық дәстүр қазіргі мәдени сюжетке ұласады.
Қызығы, фанфик жанры әлемдік интернет-мәдениеттің бір бөлігіне әлдеқашан айналған: жасөспірімдер сүйікті фильмдер, сериалдар мен романдардың сюжеттерін қайта жазады. Бірақ кітапханада бұл жанр күтпеген қырынан ашылды.
Балалар тек танымал оқиғаларды ғана емес, халық ертегілерін де жалғастырды. Осылайша цифрлық мәдениет пен фольклор тоғысты.
Ең үздік жұмыстар «Ёжик» журналында жарияланды. Бұл – жиырма бес жылдық тарихы бар кітапхананың балалар әдеби жобасы. Журналда өлеңдер, әңгімелер, комикстер мен суреттер басылады. Көптеген жас авторлар үшін бұл – өміріндегі алғашқы жарияланым.
Балалар шығармашылығымен жұмыс істеу шыдамдылықты талап етеді. Алғашқы кезеңде баланы қатты сынамай, оған өз мәтінін жазуға мүмкіндік беру маңызды. Тәжірибе бір қарапайым нәрсені көрсетеді: жазу көпшіліктің қолынан келеді. Балаға мұқият құлақ асып, ойын тұжырымдауға көмектесіп, мәтінмен жұмыс істеу құралдарын көрсеткенде, оның өзіне деген сенімі артады. Ал сеніммен бірге оқуға деген қызығушылық пен жаңа оқиғалар жазуға деген ынта да пайда болады.
Аударманы дайындаған: Мүсіреп Руслан
Как дети становятся авторами
Сегодня в библиотеке можно увидеть любопытную сцену: ребёнок читает сказку, а через час уже пишет её продолжение. Ребенку часто недостаточно просто прочитать книгу. Ему важно её обсудить, продолжить, превратить в собственный текст.
Библиотека всё чаще становится местом, где дети пробуют писать. Литературные мастерские, кружки сторителлинга, встречи с авторами — всё это превращает пространство чтения в пространство текста. Например, на занятиях литературной мастерской юные читатели сначала спорят о героях, а потом начинают писать собственные версии истории. Многие будущие писатели в детстве буквально «пропадали» в библиотеках. Классический пример — Рэй Брэдбери, который считал, что именно библиотека заменила ему обучение в университете и позволила познакомиться с мировой литературой.
Интересное направление детского творчества сегодня — переосмысление казахской культуры. Например, в стенах Костанайской областной детско юношеской библиотеки имени И. Алтынсарина регулярно проходят проекты по литературному мастерству.
Одним из самых необычных стал конкурс фанфиков по казахским народным сказкам «Аяқталмаған ертегі». Участникам предложили написать продолжение известных историй. Работы принимались на казахском и русском языках. В этих текстах знакомые герои оказались в совершенно иных обстоятельствах. В новых версиях сказок появились современные персонажи. Например, у Алдара-Косе возник противник — Цифровой Бай, создатель фальшивой «Цифровой академии», а ещё пранкер Аруах-Лайк, живущий по принципу: Хочешь внимания — создавай хаос.
Подобные тексты показывают, что народная сказка перестаёт быть музейным экспонатом. Пока она существует только в школьном пересказе, она остаётся частью программы. Но стоит ребёнку переписать сюжет, и сказка снова начинает жить уже как современная история. Народная традиция превращается в современный культурный сюжет.
Интересно, что фанфик как жанр давно стал частью мировой интернет-культуры: подростки переписывают сюжеты любимых фильмов, сериалов и романов. Но в библиотеке этот жанр неожиданно сработал иначе. Дети продолжили не только популярные истории, но и народные сказки. Так цифровая культура соединилась с фольклором.
Лучшие работы опубликовали в журнале «Ёжик». Это детский литературный проект библиотеки с двадцатипятилетней историей. В журнале печатаются стихи, рассказы, комиксы, рисунки. Для многих юных авторов это первая публикация в жизни.
Работа с детским творчеством требует терпения. На первых порах важно не критиковать слишком строго, а дать ребёнку возможность написать свой текст. Опыт показывает простую вещь: писать получается почти у всех. Когда ребёнка внимательно слушают, помогают сформулировать мысль и показывают инструменты работы с текстом, у него появляется уверенность. А вместе с ней желание читать дальше и писать новые истории.
Автор: Маргарита Бек.
Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia













