По инициативе германской стороны состоялся телефонный разговор Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева с Федеральным Президентом Франком-Вальтером Штайнмайером.

Главы государств обстоятельно обменялись мнениями о ситуации на Украине. Франк-Вальтер Штайнмайер изложил известную позицию Европейского Союза в отношении причин неожиданного решения российского руководства начать военную кампанию в Украине, что привело к гуманитарной катастрофе в этой стране.

Касым-Жомарт Токаев заявил, что все государства должны строго придерживаться норм и принципов Устава ООН. Как считает Президент, украинский кризис по своему происхождению довольно сложный, тем не менее следует изыскивать новые дипломатические возможности для мирного разрешения конфликтной ситуации, чтобы не нанести дальнейший ущерб мирному населению и не допустить полного разрушения гражданской инфраструктуры на территории Украины.

По словам Касым-Жомарта Токаева, Казахстан готов предоставить гуманитарную помощь гражданам Украины медикаментами и другой необходимой продукцией, в настоящее время рассматриваются транспортные варианты ее доставки по месту назначения. Казахстанское Правительство также помогло эвакуироваться 435 нашим гражданам на родину и более 650 гражданам – в европейские страны.

Президенты условились продолжать взаимные контакты по украинской проблематике.

Касым-Жомарт Токаев и Франк-Вальтер Штайнмайер также констатировали наличие стабильного прогресса в отношениях двух стран, чему способствовал официальный визит казахстанского Президента в ФРГ в декабре 2019 года. Глава нашего государства пригласил Президента Германии совершить визит в Казахстан в удобное для него время. Приглашение было с благодарностью принято.

Франк-Вальтер Штайнмайер в заключение разговора отметил, что поддерживает политику модернизации Казахстана и приветствует желание своего коллеги двигаться вперед по пути политических и экономических реформ.

Источник: https://www.akorda.kz/ru/telefonnyy-razgovor-s-federalnym-prezidentom-germanii-frankom-valterom-shtaynmayerom-725155

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен телефон арқылы сөйлесті

Германия тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекеттер басшылары Украинадағы ахуал жөнінде жан-жақты пікір алмасты.
Франк-Вальтер Штайнмайер Ресей басшылығының Украинаға қарсы әскери іс-қимыл бастау жөніндегі күтпеген шешімінің себептеріне қатысты Еуропа одағының белгілі ұстанымын жеткізді. Әскери іс-қимылдар бұл елді гуманитарлық апатқа алып келді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүкіл мемлекеттің БҰҰ Жарғысындағы нормалар мен қағидаттарды берік ұстануға тиіс екенін айтты.Президент Украина дағдарысын өте ауыр деп санайды. Сондықтан бейбіт тұрғындардың бұдан былай жапа шекпеуі және Украина аумағындағы азаматтық инфрақұрылымның толық қирауына жол бермеу үшін қақтығысты бейбіт жолмен шешудің жаңа дипломатиялық мүмкіндіктерін қарастыру керек.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан Украина халқына дәрі-дәрмек және басқа да қажетті азық-түлік жағынан гуманитарлық көмек көрсетуге дайын. Қазіргі уақытта оларды көзделген жерге көлікпен жеткізу жолдары қарастырылып жатыр.
Сонымен қатар Қазақстан Үкіметі 435 азаматымызды өз Отанына және 650-ден астам адамды Еуропа елдеріне эвакуациялауға қол ұшын берді. Президенттер Украина проблемасы бойынша өзара байланыс жасап тұруға келісті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер екі елдің қарым-қатынастары тұрақты түрде ілгерілеп келе жатқанына назар аударды. Бұған Қазақстан Президентінің 2019 жылы желтоқсанда Германияға жасаған ресми сапары септігін тигізді. Мемлекетіміздің басшысы Германия Президентін өзіне ыңғайлы уақытта Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Франк-Вальтер Штайнмайер шақыруды ризашылықпен қабыл алды.

Әңгімелесу соңында Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстанды жаңғырту саясатын қолдайтынын және әріптесінің саяси және экономикалық реформалар арқылы алға ілгерілеу ниетін құптайтынын айтты.

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia