Министерство информации и общественного развития намерено внедрять новые методы и подходы в своей деятельности в сфере межэтнических отношений. Об этом на заседании методического совета для региональных КГУ «Қоғамдық келісім» и Домов дружбы сообщил вице-министр информации и общественного развития Серик Егизбаев.

В работе методического совета приняли участие заместитель Председателя – заведующий Секретариатом Ассамблеи народа Казахстана М. Азильханов, председатель Комитета по развитию межэтнических отношений МИОР РК Г. Шойкин и другие руководители профильных комитетов и подведомственных организаций МИОР.

Открывая мероприятие, Марат Азильханов подчеркнул важную роль Ассамблеи народа Казахстана и всех ее структур в укреплении единства страны и обратил внимание на необходимость применения современных подходов в реализации государственной политики в сфере межэтнических отношений:

«В целях исполнения поручении Главы государства проведена работа по переформатированию структуры управления межэтнической сферой на региональном уровне.

Обновлены составы Ассамблеи народа Казахстана и ее Совета, проведена работа по наделению обязанностями общественных замов в регионах, а также регламентации и конкретизации их деятельности. За каждым из депутатов Мажилиса, избранных от Ассамблеи, закреплено конкретное направление работы.

Хочу подчеркнуть, что Дома дружбы должны стать материально-технической и организационной ресурсной основой для информационной и организационной поддержки общественных (народных) проектов АНК», — сказал М.Азильханов.
В свою очередь, вице-министр Серик Егизбаев отметил, что последние события в обществе и изменения в жизни страны задали новое направление в дальнейшем развитии гражданского общества и сферы межэтнических отношений.

«В текущем году необходимо продвигать конкретные просветительские, социально и общественно значимые проекты в направлении возрождения общественных ценностей. Также важна широкая поддержка проектов, направленных на сохранение целостности страны, укрепление внутреннего единства. Поэтому следует повысить эффективность информационно-разъяснительной работ среди целевых групп, привлекать молодежь и молодежные организации к деятельности Домов дружбы, содействовать в превращении государственного языка в язык межэтнического общения», – сказал спикер.

По его словам, в данной сфере также предстоит усилить системную работу, ориентированную на безработную молодежь, оказать ей поддержку в реализации проектов, связанных с получением дополнительного образования, в трудоустройстве.
Вице-министр обозначил одним из приоритетных направлений в данной сфере активное использование возможностей социальных сетей включая Telegram, YouTube, TikTok для популяризации национальных ценностей и привития патриотических качеств молодежи.

Вместе с тем, С. Егизбаев обратил внимание на слабое использование механизма государственного социального заказа и грантового финансирования на межэтническую тематику для местных неправительственных организаций на региональном уровне.
Учитывая данный факт, он призвал усилить связь с институтами гражданского общества и добавил, что Министерством информации и общественного развития будет введена система оценки эффективности деятельности региональных КГУ «Қоғамдық келісім» по обозначенным направлениям.

«В настоящее время в работе по межэтнике необходимо отойти от прежнего «торжественного» и «праздничного» стиля в проведении мероприятий. Надо акцентировать внимание на поиске новых форм. К примеру, просветительские, благотворительные проекты, волонтерство и др.», – заключил С.Егизбаев.

В свою очередь, председатель Комитета по развитию межэтнических отношений МИОР РК Галым Шойкин выступил с докладом о профилактике распространения «языка вражды», в том числе в социальных сетях и интернет-пространстве и методах противодействия языку, пропагандирующему нетерпимость и подстрекающего к насилию.

В заключительной части своего выступления Г. Шойкин представил конкретные рекомендации по принятию совместных мер со стороны государства и гражданского общества.

Директор РГУ «Қоғамдық келісім» МИОР РК Галымжан Кусмангали обозначил ряд задач перед руководителями региональных КГУ и Домов дружбы на 2022 год. В частности, активизация работы с этнокультурными объединениями, переформатирование деятельности общественных структур АНК на местах, широкое применение инструментов новых медиа в ходе разъяснения проводимой работы.

На заседании методического совета были рассмотрены также актуальные вопросы информационного освещения межэтнической тематики, поддержки инициатив молодежи и реализации молодежных проектов, расширения взаимодействия с этнокультурными объединениями и неправительственными организациями с использованием таких механизмов как государственный социальный заказ, гранты и т.д.

Следует отметить, что данное мероприятие организовано в целях исполнения поручений Президента Республики Казахстан – Председателя Ассамблеи народа Казахстана К.Токаева по реализации мер по укреплению межэтнического согласия, озвученных на заседании Совета Ассамблеи народа Казахстана 21 октября 2021 года.

Этносаралық қатынастар саласында жаңа әдіс-тәсілдер енгізілмек

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі этносаралық қатынастар саласында жаңа әдістер мен тәсілдер енгізуді жоспарлауда. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаев өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ мен Достық үйлеріне арналған этносаралық қатынастар саласындағы қызметтің тиімділігін арттыру жөніндегі әдістемелік кеңестің отырысында хабарлады.

Әдістемелік кеңес жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары — Хатшылық меңгерушісі М.Әзілханов, ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бейінді комитеттері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының өзге де басшылары қатысты.
Іс-шараны ашқан Марат Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның барлық құрылымдарының ел бірлігін нығайтудағы маңызды рөлі туралы атап өтіп, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізуде заманауи тәсілдерді қолдану қажеттілігін баса айтты:

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында этносаралық саланы басқару құрылымын өңірлік деңгейде қайта қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілді. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен оның Кеңесінің құрамы жаңартылып, өңірлердегі қоғамдық орынбасарларға міндеттерін айқындау, сондай-ақ олардың қызметін регламенттеу және нақтылау бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Ассамблеядан сайланған Мәжіліс депутаттарының әрқайсысына нақты жұмыс бағыты бекітілген. Достық үйлері ҚХА қоғамдық (халықтық) жобаларын ақпараттық және ұйымдастырушылық қолдау үшін материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық ресурстық базаға айналуы тиіс екенін атап өткім келеді», — деді М.Әзілханов.

Өз кезегінде вице-министр Серік Егізбаев қоғамдағы соңғы оқиғалар мен ел өміріндегі өзгерістер азаматтық қоғам мен этносаралық қатынастар саласын одан әрі дамытуға жаңа бағыт бергенін атап өтті.

«Ағымдағы жылы қоғамдық құндылықтарды жаңғырту бағытында нақты ағартушылық, әлеуметтік және қоғамдық маңызы бар жобаларды ілгерілету қажет. Сондай-ақ, елдің тұтастығын сақтауға, ішкі бірлікті нығайтуға бағытталған жобаларды кеңінен қолдау маңызды. Сондықтан мақсатты топтар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің тиімділігін арттыру, жастар мен жастар ұйымдарын Достық үйлерінің қызметіне тарту, мемлекеттік тілді этносаралық қарым-қатынас тіліне айналдыруға жәрдемдесу қажет», — деді спикер.

Оның айтуынша, бұл салада жұмыссыз жастарға бағытталған жүйелі жұмысты күшейту, оларға қосымша білім алуға, жұмысқа орналасуға ықпал етуге байланысты жобаларды іске асыруға қолдау көрсету міндеті тұр.

Сондай-ақ, вице-министр аталған саладағы басымды бағыттардың бірі ретінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жастардың патриоттық сезімдерін арттыру үшін Telegram, YouTube, TikTok сияқты әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін белсенді пайдалану қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, С.Егізбаев өңірлік деңгейдегі жергілікті үкіметтік емес ұйымдар үшін этносаралық тақырыпқа мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және гранттық қаржыландыру тетігінің әлсіз пайдаланылуына назар аударды.

Осы фактіні ескере отырып, ол азаматтық қоғам институттарымен өзара байланысты күшейтуге шақырды және Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі белгіленген бағыттар бойынша өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ қызметінің тиімділігін бағалау жүйесін енгізетінін айтты.

«Қазіргі уақытта этносаралық қатынастар саласындағы жұмыстар барысында және іс-шараларды өткізуде бұрынғы «салтанатты» және «мерекелік» стильден арылу керек. Біз жаңа әдістерді іздестіруге көңіл аударуымыз керек. Мысалы: ағартушылық, еріктілік, қайырымдылық жобалары және т.б.», – деп түйіндеді С. Егізбаев.

Өз кезегінде, ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин «өшпенділік тілінің» таралуының, оның ішінде әлеуметтік желілер мен интернет-кеңістікте алдын алу мен төзімсіздікті насихаттайтын және зорлық-зомбылыққа итермелейтін тілге қарсы іс-қимыл әдістері бойынша баяндама жасады.

Сөз соңында Ғ.Шойкин мемлекет пен азаматтық қоғам тарапынан бірлескен шараларды қабылдау бойынша нақты ұсыныстарын айтты.

ҚР АҚДМ «Қоғамдық келісім» РММ директоры Ғалымжан Құсманғали 2022 жылға арналған өңірлік КММ мен Достық үйлері басшыларына бірқатар міндеттер қойды. Атап айтқанда, этномәдени бірлестіктермен жұмысты күшейту, жергілікті жерлерде ҚХА қоғамдық құрылымдарының қызметін жетілдіру, жүргізіліп жатқан жұмысты түсіндіру барысында жаңа медиа құралдарын кеңінен пайдалану керектігін жеткізді.

Сондай-ақ әдістемелік кеңес отырысында этносаралық тақырыпты ақпараттық жариялау, жастардың бастамаларын қолдау және жастар жобаларын іске асыру, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар және т. б. тетіктерді пайдалана отырып, этномәдени бірлестіктермен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды арттырудың өзекті мәселелері қаралды.

Айта кетсек, аталған іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қ.Тоқаевтың 2021 жылғы 21 қазанда Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысында этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған шараларды іске асыру жөніндегі берген тапсырмаларын орындау мақсатында ұйымдастырылды.

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia