Алматы қаласында сенатор Жанна Асанованың Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында Жанна Бейсентаевна кеңестің халықтың мемлекетке деген сенімін арттырудағы маңызды рөлін атап өтті. Оның айтуынша, қоғамдық
кеңестер – бұл азаматтар мен билік арасындағы байланыстырушы тәуелсіз құрылымдар. Олар халықпен үнемі байланыста болып, қоғамдағы мәселелерден жақсы хабардар және өз ұсыныстарын енгізе алады. Сол себепті олармен бірлесе жұмыс істеу аса маңызды.

Ж.Б. Асанова өткен жылы Парламент атқарған жұмыс туралы да айтып өтті: 89 заң қабылданды, олардың қатарында салық, су және бюджет кодекстерінің жаңа редакциялары бар. Бұл бастамалар бюрократиялық рәсімдерді жеңілдетуге және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жақсартуға бағытталған. Сондай-ақ Сенаттың өңірлік өкіл ретіндегі рөлі күшейтіліп, аймақтар мен саяси күштердің мүдделерін теңестіруге ықпал етті. Сенатор бұған мысал ретінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнамадағы өзгерістерді келтірді.

Дискуссия кезінде Қоғамдық кеңес мүшелері экология, көлік, логистика, бизнес, франчайзинг және инвестициялық әлеует сияқты мемлекеттік және өңірлік деңгейдегі маңызды мәселелерді көтерді. Олар сондай-ақ инвесторларға жасалып жатқан жағдайлар мен елімізде өз мүдделерін қаншалықты сенімді түрде қорғай алатынына қызығушылық танытты. ҚР Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сүйенсек, 2025 жылғы қаңтар – мамыр айлары аралығында республикадағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 18,2%-ға артқан. Бұл көрсеткіш инвесторлардың Қазақстан экономикасына деген ұзақ мерзімді сенімінің өсіп келе жатқанын білдіреді.

Сенатор қазіргі таңда елімізде инвестициялық саясатқа деген көзқарасты реформалау жүріп жатқанын ерекше атап өтті. «Бұл – мемлекетті дамытудың басты басымдықтарының бірі, бұл туралы Мемлекет басшысы бірнеше мәрте айтқан. Әр инвестор өзін қауіпсіз сезінуі және біздің жүйеге сенуі үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Егер қандай да бір форс-мажор немесе оның мүдделеріне қатысты заңсыз әрекеттер орын алса, ол өзіне қажетті қорғауға ие болатынына сенімді болуы тиіс. Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанынан инвесторлардың мүддесін қорғауға бағытталған арнайы құрылым құрылды, оның аумақтық бөлімшелері де жұмыс істейді», – деді сенатор.

Автор: Артур Дрейлинг. Аударманы дайындаған: Руслан Мүсіреп.

Қоғамдық кеңес – мемлекет пен қоғам арасындағы диалогтың негізгі буыны

Общественный совет — ключевое звено в диалоге государства и общества

В г. Алматы прошла встреча сенатора Жанны Асановой с членами Общественного совета. В ходе встречи Жанна Бейсентаевна отметила, что совет играет важную роль в повышении доверия населения к государству и является одной из связующих нитей между гражданами и властью. По её словам, общественные советы — независимые структуры, которые находятся в постоянной коммуникации с людьми, хорошо осведомлены о проблемах общества и могут вносить свои предложения. Именно поэтому совместная работа с ними крайне важна.

Ж.Б. Асанова также рассказала о работе Парламента в прошедшем году: было принято 89 законов, включая новые редакции налогового, водного и бюджетного кодексов. Эти инициативы направлены на упрощение бюрократических процедур и улучшение межведомственного взаимодействия. Также была усилена роль Сената как регионального представителя для балансировки интересов регионов и политических сил. В качестве примера она привела изменения в законодательстве о природоохранных территориях.

Во время дискуссии члены Общественного совета подняли важные вопросы в сфере экологии, транспорта, логистики, бизнеса, франчайзинга и инвестиционного потенциала как на государственном, так и на региональном уровнях. Также их заинтересовали условия, создаваемые для инвесторов, то, насколько надёжно они смогут защищать свои интересы в нашей стране. Если обратиться к предварительным данным Бюро национальной статистики, то видно, что за период с января по май 2025 года объём инвестиций в основной капитал республики увеличился на 18,2%. Этот показатель свидетельствует о росте долгосрочного доверия инвесторов к экономике Казахстана.

Сенатор особо подчеркнула, что сейчас в стране проводится реформа подходов к инвестиционной политике. «Это один из приоритетов развития государства, о чём неоднократно говорил Глава государства. Создаются все условия, чтобы каждый инвестор чувствовал себя защищённым и доверял нашей системе. В случае форс-мажоров или неправомерных действий в его адрес, он должен быть уверен, что получит защиту. Для этого при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан создана специальная структура с территориальными подразделениями, работающими исключительно в интересах инвесторов».

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь