Алматы бүгінде тек Қазақстанның мәдени астанасы ғана емес, сонымен қатар елдің цифрлық трансформациясының басты драйвері ретінде өз позициясын нық қалыптастырып келеді. Мегаполис қалайша қарқынды цифрлық серпілісті бастан өткеріп жатқанын, алматылық цифрландырудың басқа өңірлерден айырмашылығы неде екенін және тұрғындардың жаңа технологияларға қалай бейімделіп жатқанын біз Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Рустам Кайрыевпен әңгімелестік.
– Рустам, соңғы жылдары Алматыдағы цифрландыру динамикасын қалай бағалайсыз? Қандай жобалар ең тиімді әрі көрнекті болды?
– Республикадағы ең ірі мегаполис ретінде Алматы көптеген қызмет салаларында, соның ішінде цифрландыруда да өз ритмін қояды. Қаладан өте көп пайдалы стартаптар шығады. Алматылықтардың цифрлық кемелдік деңгейінің бастау нүктесі 2021 жыл болды: дәл осы жылы цифрлық даму жағдайлық деңгейден тұрақты деңгейге көтерілді – бұл IDC халықаралық сарапшылары берген баға. Соңғы бес жылда Smart City (ақылды қала) жобасы аясында мемлекеттік қызметтер де, жеке сектор да айтарлықтай цифрландырылды.
Креатив индустриясының дамуы да өз әсерін тигізіп отыр: кино және анимация, архитектура және дизайн, әдебиет, мода, театр, опера және балет, жаңа медиа мен цифрлық мәдениеттер, киберспорт пен геймдевелопмент, музыка, заманауи өнер және жалпы ойын-сауық индустриясы белсенді түрде цифрлық форматқа көшуде.
Бұдан бөлек, жасанды интеллект қаланың өмірді қамтамасыз ету процестеріне енгізілуде. Мысалы, жолдағы қозғалыс жылдамдығын арттыратын ақылды бағдаршамдар, сондай-ақ «Халық қатысатын бюджет» жобасы – цифрлық мүмкіндіктердің арқасында тұрғындар қалалық бюджеттің қай жобаларға бөлінетінін өздері анықтай алады.
Қауіпсіздік саласында да үлкен өзгерістер бар: қазан айындағы соңғы мәліметтерге сәйкес AI-видеоаналитика платформасы TargetEYE бірыңғай жүйесіне 50 мыңнан астам қоғамдық бейнебақылау камерасы қосылған, олардың 2,2 мыңы бет-әлпетті тану функциясымен жабдықталған. Алгоритмдер адамдардың топталуын, күмәнді әрекеттерді, төбелесті, от пен түтінді анықтап, қаруды табуға, қоғамдық тәртіп бұзушылықтарды тіркеуге қабілетті. Сонымен бірге сипаттама бойынша адамдар мен көліктерді іздеу жүйесі де жұмыс істейді. Сондықтан қаланың цифрлық дамуын жоғары деп бағалауға толық негіз бар.
– Сіздің ойыңызша, Алматының цифрлық трансформациясының Қазақстанның басқа өңірлерінен ерекшелігі неде?
– Мұнда бірнеше фактор бар. Біріншіден, халық саны ең көп. Екіншіден, мәдени астана статусы және креатив индустрияның қарқынды дамуы, ол цифрландырумен қатар жүреді. Үшіншіден, стартаперлердің, әр деңгейдегі бағдарламашылардың – Junior, Middle, Senior – өте көп болуы. Осы факторлардың бәрі трансформацияның жеделдеуіне әсер етеді. Халықтың сұранысы да тез өседі, ал бұл сұраныс цифрлық шешімдер арқылы автоматтандырылуда.
Алматы алаңдары барлық өңірлерден стартаперлерді жинайды, тренд қалыптастырады, инвесторлар мен халықаралық қауымдастықтың назарын аударады. Мысалы, Digital Almaty 2025 форумында шамамен 80 жас әрі перспективалы компания өз жобаларын таныстырды. Қазақстан Орталық Азияның цифрлық хабы болуға ұмтылып қана қоймай, оған айналып келеді. Мемлекет басшысының жасанды интеллектті дамытуға әр сөзінде ерекше мән беруі де бекер емес. Әлем цифрлық революцияның табалдырығында тұр, ал бұл – баламалы экономиканың үлкен әлеуеті. Біз де осы «үлестен» өз мүмкіндігімізді алуымыз керек.
– Бизнес пен халық жаңа цифрлық сервистер мен шешімдерге қаншалықты тез бейімделіп жатыр?
– АНК және Қоғамдық кеңес мүшесі ретінде көптеген кәсіпорындарға барамын және цифрлық технологиялардың қалай қарқынды енгізіліп жатқанына таңғаламын. Тіпті роботтар орындайтын ақылды қоймалар да бар, оларды ИИ басқарады. ШОБ та, ірі бизнес те бәсекеге қабілетті қалада өмір сүру үшін цифрлық бейімделуден өту қажеттігін жақсы түсінеді.
Әрине, мұнда басқа проблема да бар: цифрлық бейімделу бір жағынан жаңа жұмыс орындарын тудырса, екінші жағынан үнемдеу мақсатында кейбір мамандықтар қысқарады. Себебі ИИ адамды толық алмастырмауы үшін креативті ойлауды дамыту қажет. Бірақ әр тұрғын жаңа ойлау жүйесіне бейімделуі тиіс.
Мысалы, кассир мамандығы. Қазір қаладағы ірі супермаркеттерде ИИ негізіндегі өзіне-өзі қызмет көрсету кассалары бар. Бұл кәсібінің жақын болашақта жойылатынын және тұрғындардың жаңа форматқа бейімделіп үлгеріп жатқанын көрсетеді. Бұл өзгеріс барлық салаға келеді.
– Цифрландыру барысы мен инновациялық жобаларды түсіндіру бойынша ақпараттық жұмыс жеткілікті түрде жүргізіліп жатыр ма?
– Жалпы жеткілікті, бірақ тәжірибе керісінше көрсетеді. Бүгінгі күні тіпті жастардың арасында да ЭЦҚ ашпағандар бар, ал бұл – анықтамаларды үйден шықпай алуға мүмкіндік беретін үлкен цифрлық ыңғайлылық. Ақпараттық жұмысты үздіксіз жалғастыру керек, себебі цифрлық өзгерістер қазір аптасына бір рет пайда болатын деңгейге жетті.
– Азаматтарға цифрлық шешімдердің артықшылықтарын жеткізудің ең тиімді коммуникациялық арналары қандай?
– Барлық арна тиімді деп есептеймін. Халық екі топқа бөлінеді: дәстүрлі БАҚ-ты ұнататындар және газет оқымайтын, аналогтық теледидар қоспайтын, ақпаратты әлеуметтік желілер мен онлайн-платформалардан алатындар. Сондықтан ақпараттық жұмыс барлық бағытта жүргізілуі тиіс. Ақпарат көп, сондықтан креативті тәсілдер қажет, әйтпесе бәрі жалпы ақпарат ағынында жоғалып кетеді.
– Халықтың цифрлық сауаттылығын және мемлекеттік электрондық қызметтерге деген сенімін қалай арттыруға болады?
– Қазақстан бүгін дәл осы бағытқа ұмтылып жатыр: ашықтық, үздіксіз және жылдам жұмыс, деректерді жедел өңдеу – мұнда ИИ-дің пайдасы зор. Қала дамып келсе де, цифрлық сауаттылық бойынша әлі жұмыс көп. Контент жасауда ИИ-ді үйренгісі келетіндер оны тез меңгереді. Ал онлайн-алаяқтар халықтың сеніміне үлкен нұқсан келтіріп жатыр. Олар түрлі тәсілдерді қолданады, ал цифрлық орта оларға бұл процесті жеңілдетіп отыр. Сондықтан цифрлық қауіпсіздікке басымдық беру қажет.
– Халықтың цифрлық үкіметтің артықшылықтарын толық пайдалануына не кедергі?
– Бірнеше фактор бар деп ойлаймын: жаңадан қорқу, оны меңгеруге жалқаулық, онлайн-алаяқтықтың көптігіне байланысты сенімсіздік. Дегенмен цифрлық қызметтер дамып келеді, оның кейбірі жақын уақытта тек цифрлық форматта қалады. Сондықтан цифрлық қызметтерді меңгеру – уақыт талабы, ерте ме, кеш пе, бәрі оларды қолданатын болады.
– Сұхбатыңызға көп рақмет.
Рустам Кайрыев: «Алматы – на передовой цифровой трансформации»
Сұхбаттасқан: Олеся Клименко.
Аударманы дайындаған: Руслан Мүсіреп.
Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia












