В большом городе, где темп жизни не оставляет времени на паузы, особенно остро ощущается потребность в поддержке, взаимопонимании и сохранении человеческого тепла. В Алматы Совет матерей при Ассамблее народа Казахстана становится тем самым пространством доверия, где помогают семьям справляться с трудностями, выстраивать диалог между поколениями и находить ответы на вызовы времени.

О том, какие проблемы сегодня волнуют алматинцев, как меняется роль матери в обществе и какие инициативы действительно работают, рассказывает председатель Совета матерей АНК города Алматы Зульфия Шахмуратовна Хусеинова.

— Зульфия Шахмуратовна, какую роль сегодня играет Совет матерей в жизни Алматы и с какими основными вызовами вы сталкиваетесь?

— Я вижу Совет матерей как пространство доверия и реальной поддержки семей. В большом городе людям часто не хватает внимания, диалога, человеческого тепла. Мы стараемся объединять семьи, помогать выстраивать отношения между поколениями и поддерживать женщин в непростых жизненных ситуациях.

Среди основных вызовов — занятость родителей, недостаток общения в семье, влияние социальных сетей и постепенная утрата традиционных ценностей. Наша задача — не просто говорить об этом, а помогать находить решения.

— Какие проблемы среди семей и молодежи в Алматы сегодня наиболее острые?

— Сегодня мы часто сталкиваемся с проблемой недопонимания в семьях. Родителям не всегда хватает времени и ресурсов, чтобы услышать своих детей, а подростки, в свою очередь, остаются один на один со своими переживаниями.

Также остро стоят вопросы воспитания, формирования ценностей и жизненных ориентиров. Молодежи важно чувствовать поддержку и иметь правильные примеры.

— Как Совет матерей участвует в профилактике домашнего насилия и какую реальную помощь получают женщины?

— Профилактика насилия — одно из ключевых направлений нашей работы. Мы проводим разъяснительные встречи, диалоговые площадки, привлекаем специалистов.

Женщины получают не только моральную поддержку, но и практическую помощь — консультации, сопровождение, помощь в выходе из сложных ситуаций. Очень важно, чтобы каждая женщина знала: она не одна и может обратиться за помощью.

— Насколько актуальна проблема наркомании среди молодежи в мегаполисе и какие меры работают эффективнее всего?

— Проблема наркомании и лудомании сегодня действительно остается актуальной. Поэтому мы ведём активную профилактическую работу.

Мы выезжаем в школы, колледжи, а также в воинские части, где проводим лекции и открытые встречи с молодежью. Наша цель — донести достоверную информацию и сформировать осознанное отношение к этим угрозам.

У нас реализуется проект «Салауатты сана», который охватывает так называемые пять пороков: наркоманию, лудоманию, расточительство, буллинг, насилие и вандализм. Мы рассматриваем эти проблемы комплексно, потому что они тесно связаны между собой.

В этой работе нас поддерживает наркопсихиатр Анна Трубникова, которая профессионально и доступно доносит информацию до молодёжи. Ее участие помогает говорить с подростками честно и убедительно, без запугивания, но с реальным пониманием последствий.

— Как в условиях большого города удаётся сохранять семейные ценности и межпоколенческий диалог?

— Сохранение семейных ценностей требует постоянного внимания. Мы подчёркиваем важность живого общения в семье, уважения к старшим, передачи традиций и опыта.

Важно находить время друг для друга, несмотря на занятость. Мы создаём площадки для диалога, где семьи могут учиться слышать и понимать друг друга.

— Какие инициативы или проекты Совета матерей в Алматы Вы считаете наиболее успешными?

— Я считаю, что наиболее успешны те проекты, которые дают реальный результат.
В первую очередь это проект «Салауатты сана», направленный на профилактику социальных проблем и формирование здорового образа жизни среди молодежи.

Также важной инициативой является проект «Зеленый сертификат». В его рамках мы подписываем меморандумы с аптеками о запрете продажи отдельных лекарственных средств без контроля. Это конкретный шаг, направленный на защиту молодёжи и профилактику зависимостей.

Такие проекты показывают, что системная и практическая работа действительно может менять ситуацию в обществе.

— Зульфия Шахмуратовна, большое спасибо за содержательную беседу, удачи Вам во всех начинаниях.

Олеся Клименко

Келісімнің ана үні: Алматыда отбасыларды қалай қолдап, болашақты қалай тәрбиелеп жатыр

Өмір қарқыны бір сәтке де тоқтамайтын үлкен қалада қолдау, өзара түсіністік пен адам жылуын сақтау қажеттілігі ерекше сезіледі. Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі дәл сондай сенім алаңына айналып, отбасыларға қиындықтарды еңсеруге, ұрпақтар арасындағы диалогты нығайтуға және заман сынақтарына жауап табуға көмектесіп келеді.

Бүгінде алматылықтарды қандай мәселелер алаңдатады, қоғамдағы ананың рөлі қалай өзгеріп жатыр және қандай бастамалар нақты нәтиже беруде — бұл туралы Алматы қаласы ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Зульфия Шахмуратовна Хусеинова әңгімелейді.

— Зульфия Шахмуратовна, бүгінде Аналар кеңесі Алматы өмірінде қандай рөл атқарады және қандай негізгі мәселелермен бетпе-бет келіп отырсыздар?

— Мен Аналар кеңесін отбасыларға нақты қолдау көрсететін және сенім орнататын кеңістік ретінде көремін. Үлкен қалада адамдарға көбіне көңіл бөлу, диалог және адам жылуы жетіспейді. Біз отбасыларды біріктіріп, ұрпақтар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға және қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдерді қолдауға тырысамыз.

Негізгі мәселелердің қатарында ата-аналардың шамадан тыс жұмыспен қамтылуы, отбасы ішіндегі қарым-қатынастың азаюы, әлеуметтік желілердің ықпалы және дәстүрлі құндылықтардың біртіндеп әлсіреуі бар. Біздің міндет — бұл туралы айтып қана қоймай, нақты шешімдер табуға көмектесу.

— Бүгінде Алматыдағы отбасылар мен жастар арасында қандай мәселелер ең өзекті болып отыр?

— Қазіргі таңда біз отбасылардағы түсініспеушілік мәселесімен жиі кездесеміз. Ата-аналардың баласын тыңдауға уақыты мен мүмкіндігі жете бермейді, ал жасөспірімдер өз мәселелерімен жалғыз қалады.

Сонымен қатар тәрбие, құндылықтар мен өмірлік бағдар қалыптастыру мәселелері де өткір тұр. Жастар үшін қолдау сезіну және дұрыс үлгінің болуы өте маңызды.

— Аналар кеңесі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға қалай қатысады және әйелдер қандай нақты көмек алады?

— Зорлық-зомбылықтың алдын алу — біздің жұмысымыздың негізгі бағыттарының бірі. Біз түсіндіру кездесулерін, диалог алаңдарын ұйымдастырып, мамандарды тартамыз.

Әйелдер моральдық қолдаумен қатар практикалық көмек те алады — кеңес беру, сүйемелдеу және қиын жағдайдан шығуға жәрдем көрсету. Әрбір әйел өзінің жалғыз емес екенін және көмек сұрай алатынын білуі өте маңызды.

— Мегаполистегі жастар арасында есірткі мәселесі қаншалықты өзекті және қандай шаралар тиімді нәтиже береді?

— Бүгінде нашақорлық пен лудомания мәселесі өзектілігін жоғалтқан жоқ. Сондықтан біз белсенді профилактикалық жұмыс жүргіземіз.

Біз мектептерге, колледждерге және әскери бөлімдерге барып, жастармен ашық кездесулер мен дәрістер өткіземіз. Біздің мақсатымыз — шынайы ақпарат жеткізіп, бұл қауіптерге саналы көзқарас қалыптастыру.

Бізде «Салауатты сана» жобасы жүзеге асырылуда. Ол қоғамдағы бес негізгі кеселді қамтиды: нашақорлық, лудомания, ысырапшылдық, буллинг, зорлық-зомбылық және вандализм. Бұл мәселелер өзара тығыз байланысты болғандықтан, біз оларды кешенді түрде қарастырамыз.

Бұл жұмыста бізге наркопсихиатр Анна Трубникова қолдау көрсетеді. Ол жастарға ақпаратты кәсіби әрі түсінікті түрде жеткізеді. Оның қатысуы жасөспірімдермен қорқыту арқылы емес, салдарын нақты түсіндіру арқылы ашық сөйлесуге мүмкіндік береді.

— Үлкен қала жағдайында отбасылық құндылықтар мен ұрпақтар арасындағы байланысты қалай сақтап қалуға болады?

— Отбасылық құндылықтарды сақтау тұрақты назарды талап етеді. Біз отбасы ішіндегі жанды қарым-қатынастың, үлкендерді құрметтеудің, дәстүр мен тәжірибені жеткізудің маңызын үнемі атап өтеміз.

Қаншалықты бос болмаса да, адамдар бір-біріне уақыт бөлуі керек. Біз отбасылардың бірін-бірі тыңдап, түсінуіне мүмкіндік беретін диалог алаңдарын құрамыз.

— Алматыдағы Аналар кеңесінің қандай бастамалары мен жобаларын ең табысты деп санайсыз?

— Менің ойымша, нақты нәтиже беретін жобалар ең табысты жобалар болып табылады.

Ең алдымен, бұл — жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға және әлеуметтік мәселелердің алдын алуға бағытталған «Салауатты сана» жобасы.

Сонымен қатар «Жасыл сертификат» жобасын да маңызды бастама деп есептеймін. Оның аясында біз дәріханалармен белгілі бір дәрілік заттарды бақылаусыз сатуға тыйым салу туралы меморандумдарға қол қоямыз. Бұл — жастарды қорғауға және тәуелділіктің алдын алуға бағытталған нақты қадам.

Осындай жобалар жүйелі әрі практикалық жұмыстың қоғамдағы жағдайды шынымен өзгерте алатынын көрсетеді.

— Зульфия Шахмуратовна, мазмұнды әңгімеңіз үшін үлкен рақмет. Барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь