Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан бірқатар қазақстандыққа мемлекеттік награда тапсырды. Осы күні Халық Кеңесі жанынан құрылған «Бірлік» қоғамдық тобының алғашқы отырысы да өтті. Бұл алаң конституциялық органның құрамына енбеген, еліміздің барлық өңіріндегі этномәдени бірлестіктердің өкілдерін біріктірді.

Қатысушылар алдында сөз сөйлеген Ерлан Қошанов Республика күнінің тарихи маңызын атап өтіп, 25 қазанның егемен Қазақстанның қалыптасуындағы рөлін еске салды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен Республика күні ұлттық мереке мәртебесін қайта алды. Бұл шешім еліміздің дамуындағы жаңа кезеңмен сабақтасты. Егемендігіміздің бастауына жаңаша қарап, оның қадірін тереңірек түсінуге жол ашты», – деді Ерлан Қошанов.

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жетістіктеріне тоқталып, Қазақстанның халықаралық беделінің нығайғанын және әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің нәтижелерін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстан жаһандық мәселелерді шешуге белсенді қатысатын орта держава ретінде танылды.

Мемлекеттің дамуындағы құндылықтық негіздер туралы айта келе, Ерлан Қошанов қоғамдық келісімді нығайтуда маңызды бағдар болып саналатын Мемлекет басшысының «Бірлігіміз – әралуандықта» қағидатына назар аударды.

«Бірлік дегеніміз – әртүрлі бола отырып, бір-біріміздің тарихымызды құрметтеу және еліміздің болашағы үшін ортақ жауапкершілікті сезіну. Бұл бірлікті одан әрі нығайтып, еліміздің ынтымағын арттыру үшін ортақ адамгершілік құндылықтарға сүйену маңызды», – деді Ерлан Қошанов.

Халық Кеңесінің Төрағасының айтуынша, бұл құндылықтар Мемлекет басшысының заңға құрмет, әділдік және ел болашағы үшін жауапкершілік қағидаттарына негізделген «Заң және тәртіп», «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» бастамаларымен үндеседі.

Одан әрі Ерлан Қошанов этномәдени бірлестіктердің қоғамдық сенімді нығайтуға, этносаралық келісімді сақтауға және Президент бастамаларын ілгерілетуге қосып отырған үлесіне назар аударды. Оның айтуынша, Халық Кеңесі жанынан құрылған «Бірлік» тобы өзара іс-қимылды кеңейтіп, бірлестіктер өкілдерін жалпыұлттық мәселелерді талқылау үдерісіне белсендірек тартуға мүмкіндік береді.

Топтың үш негізгі бағыт бойынша жүргізіледі. Біріншісі – этномәдени бірлестіктердің халықпен жұмыс істеу тәжірибесіне сүйене отырып, қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуге қатысуы. Екіншісі – жастар бастамаларын қолдау және жас ұрпақты қоғамдық өмірге белсенді тарту. Үшіншісі – әлеуметтік желілер мен ақпараттық жобалар арқылы бірлік пен келісім идеяларын ілгерілету.

Жиында Ерлан Қошанов ұлық мереке қарсаңында елге еңбегі сіңген азаматтарға құрмет көрсету жақсы дәстүр екенін, бұның Республика күні қарсаңында ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

«Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірқатар отандастарымызға жоғары мемлекеттік наградалар табыс етті. Марапатталғандардың арасында біздің әріптестеріміз де бар. Бірқатары марапатын Президенттің қолынан алды. Баршаңызды осы қуанышпен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – ел игілігі жолындағы адал еңбектеріңізге берілген жоғары баға».

Поделиться

Все самое актуальное, важное и интересное здесь: https://www.instagram.com/daz_asia

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь