Мен Вебер Владислав Александрұлы 2002 жылы ақпан айының 27 жұлдызында Мортық атты ауылда дүниеге келдім. Мортық ауылы Солтүстік Қазақстан облысында, Уалиханов ауданында орналасқан. Ұлтым неміс және де неміс отбасында туғанмын,
алайда қазақ ауылыңда өскенмін.

2013 жылы біз Кокшетау қаласының маңындағы «Нефтебазовский» аты ауылға көштік. Біздің Мортық ауылымызда тек бір ғана мектеп болды. Онда тек қана қазақ тілінде сабақ берілді, басқа ауылға көшкенге дейін, мен біздің елімізде орыс тілінде сабақ алуға болатының да білмегенмін. Бастауыш сыныптарда өзіме мынадай талап қойдым: „Мен қазақ мектебінде, қазақша 11 сыныпты бітіремін!“. Өз басым 4 мектепті ауыстырдым және де расында да 11 жыл бойы қазақ мектебінде қазақ тілінде білім алдым. Қазіргі таңда оған өкінбеймін. Ары қарай жоғары оқу орынында да қазақ тілінде білім алғым келді, бірақ мүмкіндік болмады. 2019 жылы Шоқан Уалиханов атыңдағы Кокшетау қаласының университетіне оқуға түстім. Қазаіргі таңда соңда неміс тілі мұғалімі мамандығы бойынша оқимын.

«Сүйемін туған тілді – анам тілін, Бесікте жатқанымда берген білім. Шыр етіп жерге түскен минутымнан, Құлағыма сіңірген таныс үнім». Сұлтанмахмұт Торайғыров
Осы С. Торайғыров жазған сөздермен, мен қалай қазақ тілін үренгендігімді айтқым келеді. Айтқандай, мен қазақ ауылында туып өскенмін. Өз балалық шағымды далада достарыммен бірге өткізгенмін. Сол уақыттан бастам, мен олардан қазақ тілін үйрене бастадым. Өйткені, біз бір тілде сөйлесеміз деп келістік. Егер қазақша сөйлесек, демек тек қазақ тілінде. Орысша – демек орыс тілінде сөйлестік. Мен сол осы достарым мен бірге, бір сыныпта оқитынымды білдім. Балалық шақта мен қазақ тілінің қиындығын байқамадым. Өлеңде жазылғандай, өмірімнің алғашқы минутынан бастап қазақ тілін үйрене бастадым.

Қазақ тілі бойынша негізігі білімімді мен бастауыш сыныпта алдым. Сол үшін мен менің ұстазыма алғысымды айтып, бас иемін. Өйткені, мұғалім қазақ әліпбиіне үйретті және де қалай дұрыс және оңай қазақ тілін меңгеру керектігін түсіндірді. Бастауыш сыныптан бір қызықты естелік айта кетейін, менің мұғалімім басқа оқушыларға менімен орыс тілінде сөйлеуге тыйым салды. Соңдықтан да, олар менімен мектепте тек қана қазақ тілінде сөйлескен еді.

Менің қазақ тілің үйренуіме менің ауылымдастарым да зор үлес қосты, себебі ол кісілердің барлығымен көбінесе қазақ тідінде сөйлескенмін. Әсіресе қарт адамдармен сөйлескенді жақсы көрдім, өйткені қариялар көптеген өз өмірінен өткен қызықты хиқаяларды айтқан болатын. Үлкен әжеме қоңаққа барғанда қаншама әнгімелескеніміз әлі де есімде. Айналадағы қауым өзге ұлт өкілі қазақша сөйлейтіндігін көргенде, сенімен қазақша сөйлесуге тырысады, соңымен қатар, өз қолдауын көрсетеді. Қазір мен университетте орыс тілінде оқимын, және қазақ тілін ұмытуға қорқамын, өйткені үнемі орысша сөйлеймін, сондықтан да қазақ тілді университеттерге қуана барам немесе қазақ тілін білетін адамдармен көп көрісуге және де сөйлесуге тырысамын.

Қазақ тілі – өте әдемі және көркем тіл. Мен оны тыңдағанда қуанамын. Мен негізінен кітап оқуды оңша жақсы көрмеймін, алайда Абай Құнанбаев жазған шығармалар мен өлеңдерді қуана оқимын. Өйткені оның шығармалары көркем әдеби тілмен жазылған. Оларды оқып өз сөз қорынды байытуға болады. 2-ші курста мен Абай оқуларына қатыстым, соңда мен университет бойынша екінші орынға ие болдым. Аталмыш оқуларға мен 20 аса Абай өлеңдерің және 4 қара сөзін жаттадым. Солардың ішінде маған бір өлең аса қатты ұңады және мен оны бүгінгі күнге дейін білемін, бұл: «Желсіз түнде жарық ай». Абай шығармалары өте мағыналы. Мысалы, жазған қара сөздері. Осы шығармалардың арқасында мен өз білімімді әрі қарай байытып жатырмын. Менің қазақ тілімді дамытуға өз еңбектерімен көмектескен басқа да көптеген ақын-жазушылар бар. Мен айтқандай, қазақ тілі өте әдемі және де көркем тіл. Шәмші Қалдаяқов жазған «Ана жыры» атты бір ән бар. Осы әнді тыңдағанда осы әдемілікті байқауға болады және бұл ән мен үшін өте мағыналы. Көптеген қазір шығып жатқан әндерді де тыңдау керек, олардың да пайдасы зор. Мысалы, мен той әндерің жақсы көрем және менің достарым осыған куә бола алады, мен оларды үнемі тыңдаймың.
Мен бүгін «Мен өз елінің патриотымын» деп айта аламын, өйткені ана тілін және қазақ елімнің тарихын білемін. Менің барлығына айтар кеңесім: «қазақ тілін оқыңыздар, жоқ дегенде тырысып көріңіздер».


Все самое актуальное, важное и интересное - в Телеграм-канале «Немцы Казахстана». Будь в курсе событий! https://t.me/daz_asia